Қызылордада студенттер үшін 3 жатақхана салынуда
Қызылорда өңірінде жатақхана жетіспеушілігі жойылып келеді. Колледж студенттері үшін биыл тағы 2 жаңа жатақхана салынуда. Жыл аяғына дейін ғимараты қолданысқа беріледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 330 орындық жатақхана пайдаланылуға берілген. Ал, 200 орындық екі жаңа жатақхана мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынуда. Оның екеуі де Қызылорда қаласынан бой көтеруде. Сонымен бірге «Ақмешіт» жеке колледжі өз қаражаты есебінен 450 млн.теңгеге 200 орындық жатақхана құрылысын салуды қолға алды. Колледж құрылыс жұмыстарын 2022 жылға аяқтап, ел игілігіне бағыттамақ.Мұнан бөлек, жеке инвестор Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне 100 орынға арналған жатақхана құрылысын бастап, жыл аяғына дейін студенттерге табыстайды.
Сыр елінде 30 колледж бар. Оның 17-і мемлекеттік, 13-і жеке колледж. Бүгінгі күні барлық колледждерде 19685 студент білім алуда.Айта кетейік, облыста жатақхана салумен қатар, биыл жаңа мектептің қатары көбейеді. Жаңақорғанда және Арал ауданында 300 орындық 2 мектеп іске қосылады. Ал, Қызылорда қаласындағы №268 мектептің 200 орындық қосымша құрылысы мен «Қызылжарма» ауылдық окуругінен 900 орынға арналған жаңа мектеп салынатын болады.