Атырауда жас таланттыларға арналған жаңа жатақхана ашылды
1 қыркүйек күні Атырау музыкалық колледжінің " Д.Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясы" 100 орындық жаңа жатақханаға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Шарада облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтты.
400 орынға есептелген ғимаратты «КазТрансОйл» АҚ берді.
Baq.kz
Шарада облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтты.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бес әлеуметтік бастамада көрсетілген жатақхана салу мəселесі бойынша, өңірімізде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл колледжде білім алып жатырған студенттер үшін қуанышты оқиға. Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізуге мүмкіндік береді, - дейді Қайырғали Кенжеғалиев.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында болған сапары кезінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаңа жатақханасына барғанын облыстық білім беру басқармасының басшысы еске салды.
400 орынға есептелген ғимаратты «КазТрансОйл» АҚ берді.
-Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады. Көп ұзамай екі жатақхананың құрылысы басталады. Сондай-ақ, сегіз жатақхана құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Бұл жатақханалар 1000-нан астам студенттерді қамтитын болады. Бұдан бөлек, Исатай ауданында орналасқан колледждің 100 орындық жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының жатақхана құрылысы жүргізілуде, - дейді Қайырғали Кенжеғалиев.Бүгінгі таңда музыкалық колледжінде 222 студент білім алуда. Оқу орнының ұжымы жыл сайын түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, өнерлерін Ресей, Түркия және Италия елдірінде көрсетті. Д.Нұрпейісова атындағы халық музыка академиясының түлектері Қазақстан мен Ресей елдеріндегі ЖОО-дағы беделді студенттері.
Baq.kz