Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 260 шара өткізіледі

Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 260 шара өткізіледі

Аймақта ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту жөніндегі облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді. Оған Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті насихаттайтын түрлі форматтағы 260 шара енгізілген.
Аталған жоспар «Жасампаздыққа толы жылдар» басты идеясы аясында «Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес», «Қазақстан – спорттық ұлт», «Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті», «Ғылым және технологиялар», «Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық», «Патриотизм», «Елорда күні. Нұр-Сұлтан – табыс пен өркендеудің символы», «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам», «Білім», «Ауылды қайта түлету», «Индустриялық-инновациялық даму. Цифрлық экономика» және «Тәуелсіздік – жүзеге асқан арман. Қазақстан жолы» секілді 12 тақырыптық бағытта жүзеге асырылатын болады.
«Мемлекет басшысы айтқандай, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу ісі даңғаза ірі шаралармен емес, керісінше халыққа түсінікті, танымдық-ұлағатты дүниелермен жүзеге асырылатын болады. Кешенді іс-шаралар жоспарына енгізген 12 тақырыпты әр айға бөліп, насихаттайтын», – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.


https://syrboyi.kz/negizginews/qyzylordada-taewelsizdikting-30-zhyldyghyna-oraj-260-shara-oetkiziledi-57480/​​​
12 ақпан 2021 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031