Жұртқа жақпаған заң жобасы расында ұлтқа жасалынған қастандық па?
Рұқсатсыз баланы сүндетке отырғызуға болмайды. Бір жынысты шаңыраққа рұқсат бар. Әке-шеше балаға қолының ұшын тигізсе болды, мемлекет баланы тартып алады. Бір аптадан бері кіл осындай ақпарлар ғаламторды шарлап жүр. Бұл сөздердің авторлары кім, әрі қаншалықты шындыққа жанасады? Жауабын іздеп көрдік.
Тентегіне тәк дей алатын қазақ едік, мына заңды кім шығарды мазақ етіп?! Көптің көңіліндегі мазасыздық осыған саяды. Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан заң тармақтарының бірі осы бала тәрбиесіне қатысты. Бұдан бұлай бүлдіршін ата-ананың атына арыз түсіре алады. Балаңызға қатты ұрысып сөйлесеңіз, балаңыз арнайы байланыс орталығына хабарласқан жағдайда тиісті өкілдер келіп балаңызды алып кетеді. Қоғам белсенділерінің сөзіне сенсек жағдай осыншалықты қиын. Расында аты шулы заңда солай жазылған ба?!
Тентегіне тәк дей алатын қазақ едік, мына заңды кім шығарды мазақ етіп?! Көптің көңіліндегі мазасыздық осыған саяды. Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан заң тармақтарының бірі осы бала тәрбиесіне қатысты. Бұдан бұлай бүлдіршін ата-ананың атына арыз түсіре алады. Балаңызға қатты ұрысып сөйлесеңіз, балаңыз арнайы байланыс орталығына хабарласқан жағдайда тиісті өкілдер келіп балаңызды алып кетеді. Қоғам белсенділерінің сөзіне сенсек жағдай осыншалықты қиын. Расында аты шулы заңда солай жазылған ба?!
Мәжілістің ресми сайтындағы депутаттардың қарауында жатқан 50 заңның ішіндегі дау тудырғаны осы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң. Қоғам белсенділері мен шоу-бизнес өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға наразылығын білдіріп дабыл қағып жатыр. Мәселен, айтыскер, ақын Балғынбек Имашев «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жобасына түбейгейлі қарсылық танытты. Желіде айтыскер мемлекет басшысы мен депутаттарға үндеу жолдады. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мәртебелі жаңа сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары! Мен «Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы» жаңа заң жобасын оқып шықтым. Заңгер болмасам да, тіл маманы ретінде, айтыскер ақын ретінде ондағы әр термин мен әр сөздің мағынасын, оның астарын, оның қыры мен сырын, жасырынған мәнін толық түсіне отырып, бұл заң жобасы бала құқығын желеу етіп, ата-ананың абыройы мен беделін түсіретін, отбасы деген қасиетті ұғымның тамырына балта шабатын қитұрқы жоба деп мәлімдеймін. Шариғаттың басты ұстанымы жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару емес пе? Басқаны былай қойып, өз баламызды жамандықтан тыйып, жақсыға бағыттай алмасақ, қазақ болып, мұсылман болып, тіпті, адам болып не керек?», – деп жазды айысткер парақшасында. Тіпті әйгілі театр әртісі, «Өнер Қырандары» театрының актеры Мадияр Серікбаев инстаграм парақшасында «заңгерлердің басын жинап заң жобасының әр баптары мен тармақтарын зерттеп жатырмыз, өзім оқып баламның болашағы үшін шошындым», – деді.
Көптің көңілінен шықпаған бап мынау: «Адамның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ықпал ететін әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді болғызбау». Заңға қарсы шыққандар құжат қабылданса, ер балаларды сүндетке отырғызу рәсіміне тыйым салынуы мүмкін, себебі бұл рәсім отбасылық зорлық деп танылуы ғажап емес деген болжам жасап отыр. Бұл болжам қаншалықты қисынды? Аты шулы заңды шығаруға атсалысып жатқан 50 азаматтың бірі Салтанат Тұрсынбекованың сөзінше тағылып жатқан айыптың ешбірі қисынға келмейтін көрінеді.
Оның сөзіне сенсек бұл заң жобасының арам пиғылы бар дәстүрлерге мәселен: қыз алып қашуға қатысты болғанымен, баланы сүндетке отырғызуға болмайтындығы, ата-анаға арыздану, жыныстық тәрбие туралы тармақтары жоқ деп мәлімдеді. Әлгі заңда сонда не жазылған? Заң жобасына сәйкес әрбір ауданда әлеуметтік-психологиялық тегін жәрдем беретін орталықтар ашылып, сол арқылы адвокаттар, психологтар ауылдарды аралап халыққа тегін қызмет көрсетеді. Заң жобасының көздейтін екінші мақсаты ішкілікке салынған, отбасына зорлық-зомбылық көрсететін азаматтарға қарсы заңды қатайту. Қазіргі заң бойынша оны ары кетсе екі-үш күнге қамап есін жидырамыз. Сосын ол үйіне барып баласымен жарын тағы тоқпақтайды. Ал енді жаңа заңдағы психокоррекциялық түзетуге келер болсақ, ол ешқандайда психотроптық дәрілерді егу арқылы жүзеге асырылмайды. Керсінше сол адаммен психологтар жеке жұмыс жасайды. Тыңдай берсең тек түзу әңгімелер айтылғандай заң жобасында. Шу қайдан шықты сонда? Заңгер Марат Башимовтың сөзінше бұл даудың шығуы ақпараттандырудың әлсіздігінен болып отыр. Белгілі бір топтар заң жобасын өз пайдасына қарай бұрмалап, елді дүрбелеңге алып келіп отырған секілді. Неде болса даулы заң жобасын қоғам болып қайта қарайтын болдық. Президент тапсырмасы солай.
Рамазан Әнәпия