Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сіздің таңдауыңыз еліміздің жарқын болашағының кепілі

Сіздің таңдауыңыз еліміздің жарқын болашағының кепілі

 Биылғы саяси науқанға мемлекеттік тіркеуден өткен 5 партия өкілдері қатысуда.Өздеріңіз білетін «Қазақстан Халық партиясы», «Nur Otan», «Ауыл», «Ақ жол», «Адал» партиялары сайлауға қатысуға бел буған екен. Олардың барлығының да сайлау алды бағдарламалары нақты мақсаттарға бағытталып жасалынған. Биылғы сайлаудың ерекшелігі пандемиямен қатар келіп отыр. Дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың. Соған қарамастан азаматтарымыздың белсенділігі байқалады. Мен де өз таңдауымды жасап, мемлекетіміздің болашағына деген аздаған үлесімді қостым деген ойдамын.Елімізде болып жатқан айтулы оқиғаға қатысу  -  әрбір азаматтың азаматтық парызы. Сайлау учаскелеріндегі санитарлық талаптардың сақталып отырғандығын ескерсек азаматтардың денсаулығына ешқандай қауіп төнбейді деген сенімдемін.Аудан азаматтарына айтарым сайлауға келіп өз таңдауыңызды жасаңыз. Сіздің таудаңыз еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, П.Архабаев
10 қаңтар 2021 ж. 769 0