Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар сайлауға өз қалауымен барады – сарапшы

Жастар сайлауға өз қалауымен барады – сарапшы




Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жас қазақстандықтар сайлауға барғысы келіп отыр. Бұл туралы Tarlan.kz аналитикалық порталының бас редакторы Сырым Итқұлов айтты.  


"Электоральды кампанияның негізгі қорытындысы баламалы пікірді ресми деңгейде мойындау болды. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі көзқарас пен пікір бар. Алуан пікір Қазнеттің, әлеуметтік желілердің маңызды компонентіне айналды", - деді журналист. 
Сырым Итқұловтың айтуынша, кандидаттардың үгіттеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр.
"Бұрын белсенді азаматтардың өзі кандидаттардың аты-жөнін білмесе, қазір жағдай басқа. Бұл – әрине жақсы. Саяси мәдениеттің деңгейі өсіп жатыр. Қазір кандидаттардың нені үгіттеп жүргені, олардың мақсаты мен сайлау алдындағы бағдарламаларында не туралы айтылып жатыр деген түсінік бар. Процесс жай жүріп жатыр. Бірақ саяси мәдениеттің, әсіресе жастардың (саяси мәдениетінің - авт.), дұрыс қалыптасуына келе жатыр", - деді ол.
Сонымен қатар, журналист жастардың сайлауға көп баратынын сеніммен айтты.
"Жастар тарихи оқиғаға қатысуға деген ықыласы пайда болды. Мен мұны жас буынның өкілі ретінде айтып отырмын. Әлеуметтік желілердегі көптеген постта талқылау қызу жүріп жатыр. Соншалық жас сайлауға дауыс беруге барады. Олар өз еріктерімен, бастамаларымен сайлауға барғысы келеді. Мұндай үрдісті байқап отырмыз", - деп қорытындылады спикер.
 
Фото: ашық дереккөз

08 маусым 2019 ж. 961 0