Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайырымдылық – асыл қасиет

Қайырымдылық – асыл қасиет

Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің төресі – жомарттық, қайырымдылығы, мұқтаж жандарға қиын сәтте көмек көрсетер дарқан мінезі. Жомарт болу – өзіңде барды шын зәру жанмен бөлісе білу. Адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, ал оны жасау үлкенін сыйлаған, қариясын қастерлеген, жетімін жылатпаған, кемтар жандарды ешкімнен кем көрмеген қазақ халқына тән екеніне ешкімнің де таласы болмас. Әр адам жаңа күн көтерілген сайын жақсылық күтеді. Ал өмірдің 365 күнін парақтап болған соң, жаңа жылды тек игілікті істермен бастауды мақсат етеді. Осындай мақсатпен сенбі күні Шиелі шекара бөлімінің жеке құрамы жаңа жыл қарсаңында игі істің өтуіне атсалысты. Өзгенің қуанышына себепкер болатын қайырымдылық шарасын Шиелі шекара бөлімінің бастығы, подполковник Е.Махатов ұйымдастырды. Игі шара қарсаңында шекарашылар тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіне барып, жаңа жылдық сыйлық және азық-түлік үлестірді. Мерекеге орай шекара сарбаздары келер жылды тек жақсылықпен қарсы алуын тіледі.
Күннің аптап ыстығы мен өңменіңнен өтетін өкпек жел, қытымыр аязына қарамастан елдің тыныштығын күзететін шекарашылар осылайша бірнеше отбасының жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуына септігін тигізді. Сондай-ақ ізгі ниет пен қайырымдылыққа толы бұл шара өзгелерге де үлгі болары анық.

Маржан БОЛАТҚЫЗЫ
30 желтоқсан 2020 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930