Жаңа жылдағы жақсылық
Жаңа 2019-жыл қарсаңында Жиделіарық ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған 9 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық көмек Қызылорда облысы әкімдігінің Жиделіарық ауылдық округі бойынша кәсіпкерлікті дамыту істері жөніндегі кураторы Шахизат Қалбергеновтің, Шиелі аудандық мәслихат депутаттары Бағлан Әшірбеков пен Нұрлан Әміровтың, Жиделіарық ауылдық округінің шаруа қожалық төрағалары Әбдіхожаев Мәлібек, Апбас Бәкір, Тоқпанбетов Оразхан, Рысбеков Талапхан, Жолдасов Еркебұлан, Аюпов Жомарт, Жұмабай Әбдіғани, Ысқақова Бибайша, Әшіров Әлімханның демеушілігімен жүзеге асты.
Қайырымдылық көмекті үлестіру шарасында сөз алған ауыл имамы Ә. Жолтаев Ислам дінінде де қайырымдылық көмек жасау аса сауапты іс екендігін тілге тиек ете келе, бұндай шаралар құпия түрде немесе өзгелерге өнеге болу мақсатында жария түрде де өткізілетіндігін жеткізді.
Жиделіарық ауылдық округі әкімдігі осы қайырымдылық көмектің ұйымдастырылуына өз үлесін қосқан алақаны ашық, жомарт азаматтарға алғысын білдіреді.