Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы жайлы кітаптар

Елбасы жайлы кітаптар

«Назарбаев феномені». Бұл тіркестің әрбір қазақстандықтың жүрегіне орныққанына ширек ғасырдан асып барады. Осы жылдары қаншама кітап баспа көрді. Біз осы жөнінде саралауды жөн көрдік.

Елбасы жайлы кітап іздеген оқыр­ман presidentlibrary.kz парақ­ша­­сына тіркелу арқылы мазмұны ерек, мәні терең кітаптар жөнінде мағ­лұмат ала алады. Тіпті орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды да табуға болады.
Ал аудандық орталықтанды­рыл­­­ған кітапханада Тұңғыш Пре­зи­­дент жайлы кітаптар оқыр­ман­ды өзіне еріксіз баурайды. Соның көп оқылымдысы «Елмен сыр­ласу», «Ғасырлар тоғысында», «Ақыл-па­расат» атты кітаптар. Кітап­хананың оқыр­мандарға қызмет көрсету бө­­­лі­­­мінің меңгерушісі Мар­жан Әл­жа­­­­­­нованың айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 95 кітабы бол­­са, Тұңғыш Президент жайлы жа­зылған 64 кітап бар.
Елбасының кез-келген кітабы оқырманды биікке жетелейді. Со­ның ішінде “Елмен сырласу” кіта­бын ерекше атар едім. Мұнда Ел­ба­сының әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамды ойлары мен қа­нат­ты сөздері топтастырылған – де­­ді кітапханашы.
Кітапханашы айтқандай бізде бұл кітапты парақтадық. Сонда байқағанымыз «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» деп жас­тарға бағытталған сенім оты өмір­шеңдігін дәлелдей беретіні анық.
Елбасының бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дида­рын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деген сөзі ертеңімізді екшеп, бүгінімізді бүтіндеп, кешегі тарихымызға үңіле отырып, бағдарлы бола­шағымызға нық қадам жасау қажеттігімізді түсін­діреді. Елбасының кітаптарын оқи отырып, жігер алып, жоспарыңды нақтылай түсесің. Назарбаев фено­менінің басты артық­шылығы осында болса керек-ті...

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
01 желтоқсан 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930