Қызмет сапасы кеңес назарында
«Бірінші байлық – денсаулық» деп жиі айтамыз. Дегенмен денсаулықтың қадірін дерт дендеп, сырқатың сыздамаса біле қоймаймыз. Бүкіл әлем пандемиямен күрескенде медицина саласының жай-күйіне алаңдаушылық танытқан едік. Алайда бір сынақтан өттік. Сонда да медицина саласының қауқарын арттыру мәселесі өзектілігін жойған жоқ.
Шиелі ауданындағы Қоғамдық кеңес өткір мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Аудандағы ахуалды саралап, сан саланың жұмысын бағамдап отыратын кеңестің мүшелері де жаңартылды. Қоғамдық кеңестің төрағасы П.Архабаев ардагерлермен қатар іскер жастарды тарту мақсатында аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет, ардагерлер Қ.Бекішов, Ғ.Есімов, Х.Чолондуров сынды аудандағы өзіндік айтар ойы бар азаматтарды мүшелікке қабылдады. Қазан айына жоспарланған 2020 жылы «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылуы, аудандағы жылу беру науқанына дайындық барысы, көпбалалы аналардың әлеуметтік көмекпен қамтылуы, қоғамдық тәртіп, жастар тәрбиесі сынды мәселелер назарға алынды.
Шиелі ауданындағы Қоғамдық кеңес өткір мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Аудандағы ахуалды саралап, сан саланың жұмысын бағамдап отыратын кеңестің мүшелері де жаңартылды. Қоғамдық кеңестің төрағасы П.Архабаев ардагерлермен қатар іскер жастарды тарту мақсатында аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Н.Пірімбет, ардагерлер Қ.Бекішов, Ғ.Есімов, Х.Чолондуров сынды аудандағы өзіндік айтар ойы бар азаматтарды мүшелікке қабылдады. Қазан айына жоспарланған 2020 жылы «Денсаулық» бағдарламасының жүзеге асырылуы, аудандағы жылу беру науқанына дайындық барысы, көпбалалы аналардың әлеуметтік көмекпен қамтылуы, қоғамдық тәртіп, жастар тәрбиесі сынды мәселелер назарға алынды.
Денсаулық саласындағы жұмысты сараламаққа шыққан Қоғамдық кеңес мүшелері Т.Баймағамбет, А.Абдрахманов, Н.Пірімбет Шиелі ауданаралық аурухананың жай-күйімен танысты. Қоғамның ең басты байлығы – денсаулық. Сондықтан бұл сала салғырттықты көтермейді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында денсаулық саласын дамыту қажеттігін тілге тиек еткен болатын. Онда «...Ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар барлық медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға, науқастарға арналған орындар қорын 50 процентке жаңартуға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, өмір ұзақтығын болжамды 75 жасқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді» делінген. Ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі. Медицинада қордаланып қалған түйткілді мәселелерді шешудің қазіргі заманға бейімделген небір оңтайлы тәсілдерін қарастыру күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы мақсатта «Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылып, көптеген жұмыс жүйесін тапты. Негізгі міндеті – қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыта отырып, аурулардың алдын алуға бағытталған шараларға көңіл бөлінді. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін басқару мен қаржыландырудың тиімділігін арттырып, саланың инфрақұрылымын жетілдірді. Жалпы, «Қазақстан-2050» Стратегиясында және Елбасы Н.Назарбаевтың басқа да Жолдауларында еліміздің алдында тұрған басты меже – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екені атап көрсетілген. «Денсаулық» бағдарламасы осы саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы дамуына негіз болғаны белгілі.
Денсаулық саласына басымдық танытып, шама-шарқымызды тағы бір пысықтауға бекінген Қоғамдық кеңестің мүшелері аурухананың жаңа ғимаратындағы өзгерістерді барлап шықты. Жуырда ғана аурухана ішіне «BBNURA» гемодиарез бөлімі көшірілген. Қызылорда қаласы, Шиелі, Арал аудандарына қарайтын бөлім басшысы Ержан Азишев заманауи аппараттармен таныстырып өтті. Диарез залының дәрігері Ажар Қалымбетова «Бөлімде «Dialog BBraun», «DIALEKT» т.б маркалы германиялық 6 аппарат іске қосылған. Қазіргі уақытта 20 науқас бар. Олар белгіленген уақытта 4 сағат ем алады. Бүйрек жетіспеушілігі бар диагноздағы науқастар арнайы көлікпен қамтамасыз етілген» – деді. Ескі ғимаратта орналасқан бұл бөлімше техникалық тұрғыдан толық жабдықталған жаңа ғимаратқа келіп, науқастарға ыңғайлы жағдай жасалынуда деп қуануда. Алайда бастапқыда аурухананың жоба-сметалық құжатына енбеген бұл бөлімшені көшіру оңайға түспеді дейді бас дәрігер Н.Әмір.
Одан әрі комиссия мүшелері хирургия, терапия т.б бөлімдердің де жұмысымен танысты. Шиелі ауданаралық аурухананың бас дәрігері Н.Әмірмен сұқбат құрған комиссия мүшелері халық көкейінде жүрген сауалдарды да жолдады. Сондай-ақ, ардагерлерді кезектен тыс дәрігер қабылдауына өткізу, елді мекендердегі амбулаторияларда сенбі, жексенбі күндері кезекшілік ұйымдастыру, аурухана ішіндегі әжетханалардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету сынды ұсыныстарын да жеткізді. Бас дәрігер аталған мәселелердің назарға алынғанын алдағы уақытта шешім табатынын тілге тиек етті. Дегенмен барлық мәселе қаржыға келіп тірелетіндіктен уақыт қажеттігін жеткізді.
– Аурухана ұжымы үшін пандемияның әлегі басым болды. Коронавирус жайлаған кезде ескі ғимаратты пайдалануға тура келді. Ал бөлінген қаржы тамақ пен дәрігерлердің жалақысына ғана жетті. Ал ескі ғимаратқа қажетті төсек орынмен құрал жабдыққа 90 млн қаржы жұмсалды. Адам көңілінің қалауы оның мүмкіндіктерімен қабыспай жататыны рас. Әсіресе, денсаулығына байланысты. Қиын-қыстау мезетте дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіріп, түрлі сын-пікірлер айтылды. Әрине кемшілік жоқ емес, десек те аурумен күрескен дәрігерлердің еңбегін де жоққа шығарып жібере алмаймыз, – деп ағынан жарылды аға дәрігер.
Аудан ішінде «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында бой көтерген жаңа ғимараттар түгелімен жұмыс істеп тұр. Бұл мемлекеттік бағдарламаның ауыз толтырып айтарлық бір жемісі. Бүгінгі таңда Шиелі ауданаралық ауруханасына қарасты 47 участок болса, оның әрқайсысында 1 дәрігер, 3 мейірбике жұмыс істеуде.
Қоғамдық кеңес мүшелері түс ауа кенттегі 3 емхананың жұмысын көзбен көріп, қандай мәселелер барын сараптады. Д.А«Болашақ» дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Қ.Назарова «Бізде күндізгі және жоспарлы ем-шара алатын бөлменің жоқтығы басты мәселе. Сондай-ақ науқастардан анализ алатын вакутейнер құтысының жетіспеушілігі де бар. Айына берілетін 100 дана вакутейнер құтысы бір аптаға ғана жетеді» – деді. Кентте орналасқан 3 емхананың ахуалын аңдап, керегін түртіп алған кеңес мүшелері бүгінгі күннің еншісіндегі жұмысты осылай қорытындылады.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ