Электр қуатының құны артқан
Жанымыздың жайлылыққа үйренгені соншалық, үйде немесе кеңседе жарық, су болмай қалса, әп-сәтте не істерімізді білмей абдырап қалатынымыз рас. Жарық бір сәт сөне қалса, арнайы мекемелерге хабарласып, себеп-салдарын анықтауға тырысамыз.Демек, біздің өмір сүру салтымыз табиғи ресурстарға тәуелді десек артық айтқандық емес.
Сайып келгенде, таусылмайтын дүние жоқ. Елімізге сырттан жететін су көздері сарқылып келеді. Электр қуатын өндіру де жыл санап үлкен күшке айналуда. Тереңнен тартылатын табиғи газды кәдеге асыру да біраз шығынды қажет етеді. Содан болар жыл сайын тариф құны да көтеріліп келеді. Әрине, қай салада болмасын белгілі бір мерзім өткесін көрсетілетін қызмет құнын қайта қарап, мүмкіндігінше көтеріп отыру – нарық пен уақыт талабы.

Бұрнағы күні «Шиелі Жарығы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен электр энергиясының сатылу тарифі жөнінде іс-шара өтті. Оған Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров, «Шиелі Жарығы» ЖШС директоры Қ.Қасымов және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департамент басшысы Ғ.Тойлыбек қатысты. Жел тұрса жылп етіп сөніп қалатын электр қуатының құны шілде айынан бастап 22,3 процентке өсті. Оның ішінде негізгі аймаққа жеткізуші өндірушілер, яғни «Екібастұз ГРЭС-2 Станциясы» АҚ-ның тарифі – 18,1 процентке, «Жамбыл ГРЭС» АҚ-ның тарифі – 12,3 процентке, «Қызылорда ЖЭО» МКК-нің тарифі – 22,3 процентке артқан. Бізге берген мәліметтерге сүйенсек, электр энергиясының негізгі тұтынушылары – жеке азаматтар. Олар ортақ тізімде 55,4 процентті құрайды. Бұлар үшін өсім 5,4 процентті көрсетіп тұр. Азды-көпті салмақ заңды тұлғаларға түсуде. Яғни, тауар өндіруші, түрлі жұмыс пен қызмет ұсынушыларға 8,8 процентке көбейген.
Г.ӘБІХАНИ