Әскери міндеттілер ескерусіз қалмады

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 2020 жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен 24 әскери міндеттілер арнайы жиындарға шақырылды. Шақырту алған әскери міндеттілер Көкшоқы мөлтек ауданындағы «Сыр ұланы» лагерінің ғимаратына орналастырылып, әскери киіммен, үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Айта кету керек, шақырылған әскери міндеттілер аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау үшін өз қызметтерін мүлтіксіз орындады. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, «COVID – 19» коронавирустық инфекциясының халық арасында таралуының алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шараларға да белсене араласты.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрімен осы жиынға қатысқан бес әскери міндеттілерге берілген «Төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындағаны үшін» төсбелгілермен марапатталды. Оны 4 қыркүйек күні Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков салтанатты түрде табыс етіп, алғаусыз алғысын жеткізді.
С. БАХТИЯРҚЫЗЫ