Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады

Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады


ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев арнаулы әскери жиынға әйелдер қатыса ала ма деген сұраққа жауап берді.

«Бұл жағдайда алда тұрған міндеттерге байланысты әкімдіктер өздері шешім қабылдайды. Менің ойымша, мұнда еш шектеу жоқ. Әкімдіктерге айрықша құзірет пен шешім қабылдау құқығы берілген. Егер сәйкес мамандықтар бойынша қыздар қажет болса, шақыру жібере алады. Яғни, арнаулы әскери жиындарға қажеттілігіне қарай әйелдер де шақыртылады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, республика бойынша 473 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған.
Айта кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында арнаулы жиын бөлімшесі құрылды.
11 сәуір 2020 ж. 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031