Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырған

Қазақстанда 2 500 бала коронавирус індетін жұқтырған

Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2 500 бала жұқпалы індет – коронавирусты жұқтырған. Бұл ақпаратты кеше «Егемен Қазақстан» газетінің сайты жариялады.
Әзірге сырқатқа шалдығушылардың арасында өлім дерегі тіркелмеді. Мән-жайды толығырақ «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы, дәрігер Риза Боранбаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде тарқатып айтқан еді.
Дәрігер Риза Боранбаеваның айтуынша, ересектерге қарағанда балалар коронавирус инфекциясын сирек жұқтырады. Оларда клиникалық симптом байқалмайды және ауруханаға сирек жатқызылады. Бұдан бөлек балаларда ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтеді. Алайда олар да індеттің ауыр түрімен ауыруы мүмкін екенін қоса кетті. «Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясын шамамен 2500 бала жұқтырды. Оның ішінде 111 сәби бар. 80 процент жағдайда балаларда коронавирус инфекциясы симптомсыз, жеңіл формада өтті. Тек 20 процент жағдайында балалар ауруды орташа және ауыр формада өткізді. Бұл көбіне созылмалы ауруы бар балаларда байқалды. Осылайша коронавирус инфекциясы олардың жағдайын қиындатты. Олардың арасында өлім дерегі тіркелген жоқ» деді дәрігер.

«Өскен өңір» ақпарат
25 тамыз 2020 ж. 345 0