Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәм мен иіс сезбеу адамның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме?

Дәм мен иіс сезбеу адамның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме?


Коронавирус инфекциясын жұқтырған адамда бірнеше симптом пайда болады. Соның бірі – дәм мен иіс сезбеу. Егер адамда тек осы екі симптом байқалса, бұл оның коронавирус жұқтырғанын білдіре ме? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова мен доцент Баян Тұрдалина жауап берді. "Тек дәм мен иіс сезуден қалған адамды коронавирус жұқтырды деп айту қиын. Себебі вирус жұқтырған адамның температурасы көтеріледі, тұла бойы күрт әлсірей бастайды. Статистика бойынша, коронавирусқа шалдыққандардың тек 50%-і дәм мен иіс сезбей қалған. Сондықтан тек сол симптомдар адамның коронвирус инфекциясын жұқтырғанын білдірмейді", - дейді Баян Тұрдалина. "Дәм мен иіс сезбей қалудың өзге себептері болуы мүмкін. Бұл симптомдар пайда болса, байбаламға салынып, компьютер томограммасын жасатамын, рентгенге түсемін деп әуреге салынбаған жөн", - деп жауап берді Нұрила Малтабарова.

massaget.kz
06 шілде 2020 ж. 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (9291)

07 сәуір 2025 ж.

№23 (9290)

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930