Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаубай Әбішев: Абай – ұлы ойшыл, ұлы дала перзенті

Сайлаубай Әбішев: Абай – ұлы ойшыл, ұлы дала перзенті

Бүгін ұлы Абайдың туылған күні.
Абайды тану, білу үлкен ғылымның тармағы. Әрбір айтқан қара сөздерінің, өлең шумақтарының түп – тамыры қазақ қоғамының сол кездегі саяси бет-пердесін ашып көрсеткен, ұлтымыздың ұрпақтарының алдына келелі міндеттер жүктеген, Ар-намысты ту етіп, болашақ ұрпақ кәдесіне жаратар ой – талғамдарын боямасыз жеткізген данышпан тұлға ретінде әрбір саналы қазақтың ой – санасының өлшемі ретінде қалыптастырған ұлы даланың перзенті екені даусыз.
Бүгінгі Абай тойын өткізудің терең мазмұны Ұлы ойшылдың әрбір айтқан ойларын әрбір қазақ терең түсіністікпен қабылдап, болашағымыз үшін білімнің қайнар көзі ретінде ойға түйсек екен дейміз. Осы ретте ұрпақтарымыздың нағыз ақыл – ойдың қайнар көзі Ұлы Абайдың өлең жолдарынан сусындап білім нәрін бойымызға сіңірсек, ұлтымыздың биік тұлғасын мәңгілікке қалыптастыруда дархан ойдың қас шебері Ұлы Абайдың халқының перзенттеріне арнап жазған қара сөздерінің мазмұны мен мағынасына терең талдау жасап, ой – бөліссек: біз кәзір кімбіз, халықаралық қауымдастықтың ортасындағы тұлғалы елдің перзенттеріне лайықтымыз ба, өз орнымызды тапқан, жұрт мойындаған ұлт өкілдеріміз бе, ел бірлігін сақтап, мәңгілік елдің ірге тасын қалауға бір кісідей ат салысқан Абай атамыз арман тұтқан халықтың өкіліміз бе деген сұрақтар туындап отырғанын әрбір азамат, ел сенімін арқалаған ардагерлер қандай деңгейде, қазіргі таңда осыған жауап іздеудеміз.
Ұлы Абай қазақ халқымен бірге мәңгілік жасайды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сайлаубай ӘБІШЕВ,
Қызылорда қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы
10 тамыз 2020 ж. 524 0