Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дертті таратқан тікұшақ емес

Дертті таратқан тікұшақ емес

Осыдан біршама уақыт бұрын әуеде ұшып жүрген тікұшақтардың бейнежазбасы қазақстандықтардың зәресін алды. Өйткені, желіде тікұшақтардың қала үстінен ұшып, белгісіз бір зат сеуіп жатқаны түсірілген видео тараған еді.Кейбір желі қолданушылары әуеден жәндіктерді улап, өсімдіктерді өңдеп жатыр деп болжаса, басқалары мұны дезинфекция жұмыстары деп санады. Ал үшінші нұсқа бойынша, атмосферада вирус тарап жатыр екен.
Қорғаныс министрлігі ел ішінде тарап кеткен қауесетті жоққа шығарды. Ведомстводағылар әуе аппараттары дезинфекция үшін қолданылмайтынын айтты. Министрлік өкілдерінің сөзінше, бұл оқу-жаттығу болған. Ал белгісіз зат – өрт сөндіруге арналған су.
Көп ұзамай тағы да ел ішінде «Арнайы тікұшақ алғашқыда үлкен кісілерге арналған вирусты ауаға шашқан еді, кейіннен орта буынды сұлатып түсті, енді балаларға арнап вирус шашып жатыр» деген қауесет желдей есіп жүр. Әсіресе, ватсап желісіндегі түрлі аудиожазбалар мен мәтіндерді көріп денең түршігеді.
Бәріміз білеміз, ауа – күллі адамзатқа ортақ дүние. Вирусты шашқан адамдардың өздері де сол ауамен демалады емес пе? Шындығына келгенде індетті таратқан тікұшақ емес, өзіміз. Елде алғаш төтенше жағдай жарияланған наурыз, сәуір айларын еске түсірейікші. Көпшілігіміз «Қолдан жасалған саясат, вирус жоқ, билік адамдарды әдейі үйлеріне қамап отыр» деп ызаға булықпап па едік? Карантин болса да, адамдардың шоғырлануына қатаң тыйым салса да тығылып той жасауды, түрлі жиындарға баруды да тоқтатпадық.
Нәтижесінде не болды? Жағдай ушықты, науқастардың көптігі сонша ауруханалардан орын таппай қалдық. Дәріханаларда дәрінің жоқтығы тағы бар. Коронавирусқа сенбеген қаншама адам жақынынан айырылып, қаншама отбасы қара жамылды. Сонда да болса ел ішінде жалған ақпарат таратып, халықты адастырушылар азаяр емес.
Мамандар адамға аурудан бұрын қорқыныш пен үрей қауіпті екенін айтуда. Сондықтан желіні жалмаған жалған ақпараттардан аулақ болып, өз денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Иммунитетіңізді нығайтып, пайдалы дүниелерді тұтыныңыз, құрметті оқырман!

Гүлхан ЯХИЯ
21 шілде 2020 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (9265)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (9264).

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (9263)

13 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031