Сургуттың үстінен метеоритке ұқсас зат ұшып өтті

ТЖМ-нің аймақтық басқармасында мәлім еткендей, Ханта-Мансийск автономдық округінің тұрғындарынан өңірдің ірі қалаларының үстінен метеоритке ұқсас белгісіз заттың ұшқаны туралы арнайы хабарлама келіп түспеген. «Айтарлықтай маңызды хабарлама келген жоқ. Бар болғаны адамдар белгісіз нәрсенің ұшқанын көргенін жеткізді. Не ұшқанын ешкім білмейді», - деді ведомство өкілі. Нефтеюгансктың Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінде тұрғындар бейтаныс объекті жөнінде хабарлама жібермегенін айтты. Сургут қаласының БКДҚ пікір білдіруден бас тартты.
inform.kz