Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ШИЕЛІДЕ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ШИЕЛІДЕ


  Облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың Шиелі ауданына сапары Алаш ардақтысы Мұстафа Шоқай ауылынан басталды. Мұнда Сұлутөбе, 1 май ауылдарына жүргізіліп жатқан ауыз су жұмысының сызбасымен танысты. Сондай-ақ, 1 мамыр ауылына кіре беріс жердегі М.Шоқай аллеясының жұмыс жоспарын көзбен көріп, мердігер «Қызылорда Пожсервис» ЖШС басшысына нақты тапсырма жүктеп, жұмыстарына табыс тіледі. Аллеяның жобалық құны – 50 млн 108 мың теңгені құрайды. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында салынып жатқан құрылысқа 8 адам жұмыспен қамтылған. Бас-аяғы 3 айдың ішінде абаттандыру жұмыстары аяқталып, аллея тұрғындардың игілігіне берілмек.
  Келесі сапар Тартоғай елді мекенінде жалғасты. Жалпы ауылдың тыныс-тіршілігімен ауыл әкімі егжей-тегжейлі таныстырды. Мұнда Самара-Шымкент-Тартоғай» жолының орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жол бойындағы жұмысшылармен тілдескен облыс басшысы Г.Әбдіқалықова сапаға баса мән беру керек екенін ескертті.
  Биыл біраз уақыттан бері апатты жағдайда тұрған Жөлек ауылына кіре беріс көпір де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылысы басталғанына 15 күн болған көпір құрылысымен аймақ басшысы стенд арқылы  танысты. Бүгінде көпір соқу жұмыстарына ауылдың төрт азаматы жұмыспен қамтылған. Одан бөлек Жөлек ауылдық округінің әкімі Базарбек Сақып Жуантөбе мен Жөлек арасын жалғайтын қалқыма көпірдің мәселе шешілгелі жатқанын жеткізді.
  Шиелі ауданы аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 220 шақырымды құрайды. Бұған дейін аудан өзен үстінен өтетін бірде-бір көпір салынбаған. Тек уақытша өтететін 3 қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел ғана бар. Ең қиыны олардан өткізілетін жүк пен техникалардың салмағына шектеу қойылған. Қыс түссе арғы беттегі ауыл тұрғындарының тіршілігі тіптен ауырлайды. Қалқыма көпір алынып, аудан орталығы мен қалаға қарай қатынау шектеледі.
  Бүгінде Сырдарияның сол жақ жағалауында Бұланбай бауы, Жуантөбе, Қызылқайың, Ботабай елді мекендері орналасқан. Кеңестік кезеңде Бұланбай бауы мен Ботабайды жалғайтын асфальтты жол салынғанымен, бүгінге дейін аяқсыз қалған. Ал бұл жолдың бір шеті облыс орталығы арқылы Ақтөбеге қарай жалғасса, екінші шеті Түркістан арқылы Өзбекстан республикасына дейінгі аралықты қамтиды. Қазірдің жолдың жоқтығы ауыл халқының шаруашылықпен айналысып, кәсібін жүргізуге де едәуір кедергі болып отыр. Сондықтан өзеннің екі жағалауын жалғайтын сапалы көпірдің қажеттігі күн тәртібіндегі мәселе болатын. Бүгінде қалқыма көпірдің құрылысы үшін 15 ауыл азаматы жұмыс жасап жатыр. 
  Одан соң облыс әкімі кентке қарай бет бұрды. Алдымен даңқты күрішші Ы.Жақаев атындағы ауылға соғып, диқан атындағы музейге бас сұқты. Айта кетейік, мұндағы «Балдырған» бөбекжайының 1982 жылы салынған ғимараты да биыл күрделі жөндеуден өтпек. Ол үшін бюджетен 151 млн теңгеден аса қаржы да қаралып қойған. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
26 мамыр 2020 ж. 1 454 0