Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі облыс орталығындағы нысандарды аралады

Қызылорда облысының әкімі облыс орталығындағы нысандарды аралады

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап көрді. Алдымен, облыс әкімі денсаулық және демалыс саябағына барып, «Сыр -Ана» монументіндегі қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы ауданы 30 гектарды құрайтын саябақ әуежай трассасы бойындағы рәміздер алаңы және Тұңғыш Президент саябағы арасында орналасқан.
Содан соң, аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауында болып, сол жағалауды дамыту жоспарымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көрді.
«Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада Арал, Қазалы, Ақай, Төретам, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорғанды аралап шығып, елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, ардагерлердің ой-пікірлерін, халықтың ұсыныстарын тыңдап келдім. Атқарылып жатқан жұмыстармен таныстым. Бүгін енді облыс орталығын көріп шықтым. Барлығымыздың басты мақсатымыз – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Ендігі міндет – Қырымбек Елеуұлы бастаған маңызды шаруаларды жалғастыру, бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін анықтап, оны дер кезінде шешу. Ол үшін аймақтың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілген 12 бағытты қамтитын Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жсопарын жүзеге асыруымыз керек», - деді аймақ басшысы.
04 тамыз 2019 ж. 797 0