Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданында екінші адам коронавирус инфекциясы бойынша тіркелді

Шиелі ауданында екінші адам коронавирус инфекциясы бойынша тіркелді

Қазіргі таңда облыс бойынша инфекция жұқтырғандар саны 26-ға жетті. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында 2 оқиға тіркелген. Бұл туралы Шиелі ауданы әкімдігі өзінің феисбук әлеуметтік желісінде жариялады. 
«Шиелі ауданы бойынша сақтық шаралары күшейтілді. Осыған орай аудан тұрғындарының қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамыз» делінген ол жазбада. Бұдан бөлек әкімдіктің парақшасына сан алуан сұрақтар келуде. Соның ішінде көпшілігі науқастардың қай елді мекеннен екенін білгісі келетінін айтқан. Бұл сауалға аудан әкімдігі «Коронавирус инфекциясы бойынша Шиелі ауданына қарасты Ортақшыл ауылдық округінің 1 тұрғыны тіркелуіне орай Ортақшыл ауылының кіреберісіне және Ортақшыл-Жөлек ауылдарының арасына көлік қатынастарының кіріп-шығуына және азаматтардың жүріп-тұруын шектеу үшін арнайы блок-бекеттер қойылды. Ортақшыл ауылдық округі бойынша науқаспен байланыста болған адамдар карантинге жатқызылып, шұғыл тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр және байланысқандар әлде де анықталуда. Дезинфекция жұмыстары жүргізілуде» деп жауап берді.
«Өскен өңір» ақпарат




02 сәуір 2020 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930