Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қызылордалық тұрғын індетті пойызда жұқтырған

Коронавирус: Қызылордалық тұрғын індетті пойызда жұқтырған

Kyzylorda-news.kz. Бүгін, 2 сәуірде облыс аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 жағдайы тіркеліп, жалпы саны 26 адамға жеткен болатын. Аталған науқас туралы мән-жайды облыстық Тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева мәлімдеді.
«Науқас 1999 жылғы, Шиелі ауданының тұрғыны. Ол коронавирус жұқтырған Түркістан облысының тұрғынымен Петропавл-Қызылорда пойызында бір вагонда болған. Соған байланысты шұғыл карантиндік стационарға оқшауланып,  зертханалық зерттеулерге сынамалар алынған. ПТР анализі оң нәтиже көрсеткеннен кейін Шиелі ауданаралық ауруханың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды», – деді ол.   
Аталған жағдай бүгінгі күнге дейінгі облыста тіркелген 25 науқаспен байланысы анықталмаған, сырттан тасымалданған жағдай болып табылады. Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған 3 адам анықталып, карантиндік стационарға жатқызылды.

02 сәуір 2020 ж. 875 0

Қоғам

ТАМЫРДАН ТУЫНДЫҒА...
09 қыркүйек 2026 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930