Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық тұрғынның коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

Қызылордалық тұрғынның коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды


Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғыны коронавирусты инфекцияны қалай жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді
«2020 жылдың 28 наурызында Қызылордада коронавирус инфекциясының (COVID-19) 1 жағдайы тіркелді. Науқас 01 наурыз 2020 жылы Сеул-Алматы транзитімен Оңтүстік Корея мемлекетінен ұшып келген. Коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елден келуіне байланысты 14 наурыз 2020 жылға дейін карантинді стационарда бақылауда болып, қанағаттанарлық жағдайда шығарылған», – деді Ә. Әбдіқайымова.
Кейіннен, 27 наурызда ол денсаулығындағы шағымдарымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Эпидемиологиялық анамнезі ескеріліп, бокс палатаға оқшауландырылған.
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 22 наурыз 2020 жылғы №26 қауылысы негізінде ПЦР анализі алынып, COVID-19 нәтижесі нақтыланды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды», – деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, науқас ошақтарында қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен энтомологтардан құрылған топ эпидзерттеу жұмыстарын жүргізіп, індетке қарсы алдын алу шараларын ұйымдастыруда.
«Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты, коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде», – деді Ә. Әбдіқайымова.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысының тұрғынынан коронавирустық инфекция табылғанын хабаралған болатынбыз.
28 наурыз 2020 ж. 511 0