Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 33 адамды кене шаққан

Қызылорда облысында 33 адамды кене шаққан

ÒÑзÑлоÑда облÑÑÑнда 33 Ð°Ð´Ð°Ð¼Ð´Ñ ÐºÐµÐ½Ðµ ÑаÒÒан
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін 33 адамды кене шаққан. Өткен жылмен салыстырғанда ол 2 есега артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары 6 мыңнан астам кенеге зертханалық тексеру жасаған. Зерттеу негізінде серопозитивті кенелер анықталған. «Былтыр дәл осы уақытта 14 адамды кене шағу жағдайы тіркелген. Ол биыл 33 адамға жетті. Яғни, көрсеткіш 2,3 есеге жуық артты. Бұл көрсеткіш облыс бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екендігін көрсетеді. Жергілікті тұрғындар сақтықты ұмытпауы керек. Биыл 30 наурызда  Конго-Қырым геморрагиялық қанды безгегі ауруы күдігімен Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында бір жағдай тіркелген еді. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл бағытта тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. Дегенмен аталмыш диагноз расталмады», - деді облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. Соңғы жылдарда кенеге байланысты қолайсыз елді мекендер саны артып кеткен. Биыл олардың саны 123 елді мекен болды. Бұрын мұндай ауылдар облыстың оңтүстігіндегі Жаңақорған, Шиелі аудандарында көрініс берсе, қазір ол барлық ауданда байқалады.    Бүгінгі күндері Жаңақорған, Шиелі аудандарында кенеге қарсы өңдеу, залалсыздандыру шаралары қолға алына бастады. Бұл бағытта өз деңгейінде жұмыстар жасалады деп жоспарланып отыр. 


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-33-adamdy-kene-shakkan_a3514423
06 сәуір 2019 ж. 1 741 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930