Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорданы карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр

Қызылорданы карантинге жабу мәселесі қаралып жатыр

BAQ.KZ. Өңірде коронавирус жұқтырған азаматтар саны 5-ке жетті. Қауіпті вирус жұқтырғаны бүгін анықталған үш азаматқа байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеме жасады.

Бұл үш жағдай таңертең лабораториялық зерттеу бойынша анықталды. Біреуі бұған дейін шыққан екі науқаспен қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда Жаңақорған аудандық ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Ал екінші науқас 20 наурызда Америкадан келген. Үшіншісі – Қызылорда қаласының тұрғыны, онда қосымша қызылша ауруының да белгілері бар, – деді басқарма басшысы.

Жақсылық Абдусаметовтің айтуынша, өңірдегі медициналық қызметкерлер қауіпті вирустан сақтану бойынша оқудан өткен әрі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал науқасты емдеп, тікелей қатынаста болатын мамандарға арнайы костюмдер берілген.

Сонымен қатар, Америкадан келген науқаспен бірге келген азаматтар іздестірілуде. Ал өңірді карантинге жабылу мәселесі қаралып жатыр.
30 наурыз 2020 ж. 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (9381)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031