Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық

Президент: Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық

Kyzylorda-news.kz. Ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық. Бұл туралы республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», – деді Мемлекет басшысы.
Президент төтенше жағдай режімінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болатынын еске салды.
«Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды», – деді Қ. Тоқаев.

31 наурыз 2020 ж. 1 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930