Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қазақстанда адам шығыны бар ма?

Коронавирус: Қазақстанда адам шығыны бар ма?

BAQ.KZ. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус инфекциясынан елімізде адам шығыны жоқ екенін айтты.

Короновирус инфекциясы әлемнің 160 еліне таралғаны белгілі. Оның ішінде біздің елімізде 49 адамнан табылды. Нұр-Сұлтан қаласында 25 адам, Алматы қаласында 22 адам және Қарағанды облысында 2 адамда тіркелді. Әр түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Бірақ біздің елде бұл дерттен ешкім өлген жоқ, – деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, карантин енгізілген екі қалаға кіріп-шығу 22 наурызда толығымен тоқтайды.

Төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссия тәулік бойы жұмысты бақылауда.Маңызды шешімдер 1-2 күннің ішінде қабылданып жатыр. Коронавирус індетінің басқа өңірлерде таралуына жол бермеу. Сондықтан нақты бірнеше шаралар қабылданды. Екі қалада карантин енгізілді. 22 наурыздан бастап, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында барлық әуе, теміржол, көлік қатынастары тоқтайды. Оған дейін уақыттарыңыз бар. Сондай-ақ мәдениет, өнер, өндіріс ошақтары уақытша жабылды. Тек азық-түлік және дәрі сататын орындар жұмыс істеп тұр, – деді вице-премьер.
20 наурыз 2020 ж. 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930