Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы бүгін Қызылорда облысында болды.

Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы бүгін Қызылорда облысында болды.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сыр өңіріне сапары барысында облыстағы туберкулезге қарсы диспансерде және жұқпалы аурулар ауруханасында болды.
«Біздің елімізде коронавирустың таралуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылданғанын білесіздер. Өкінішке қарай, Қазақстанда коронавирус қаупі туралы ақпарат расталды. Бүгін біздің алдымызда коронавирустық пневмонияға қарсы тұру маңызды міндеті тұр», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.
Аурудың алдын алу үшін еліміздің аймақтарында оқшаулануға арналған ауруханалар дайындалған. Бұған дейін хабарланғандай, облыстардағы барлық медициналық мекемелер белсенді жұмыс істеп, шекаралық карантин бекеттері құрылды, медицина қызметкерлері оқытылып, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қызылорда облысында коронавирустық инфекция тіркелмеген. Облыста 100 орындық провизорлық стационар және 400 орындық карантин орталығы қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық қорғаныс құралдарымен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Сонымен қатар ҚР Үкіметі қабылдаған шараларға сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары короновирус инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық ұйымдардың дайындығы мен жабдықталу деңгейімен танысу нәтижелері бойынша қажетті дәрі-дәрмектермен және медициналық ұйымдарды қажетті медициналық жабдықтармен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ инфекциялық ауруханалардың пациенттерді қабылдауға дайындығы мен қажет болған жағдайда қосымша орындарды жедел беру қажеттілігі және эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылды.
Еске салайық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-Министрдің басшылығымен елдегі экономикалық жағдайдың дағдарысқа қарсы жоспарын әзірлеу үшін жедел әрекет ету штабы құрылды.
Мемлекет басшысы Үкіметке халық алдындағы барлық міндеттемелерді толығымен орындауды, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, 13-15 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда секілді Қазақстанның бес облысында болды.
 Kyzylorda-news.kz. 
15 наурыз 2020 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930