Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Президенті бейбіт жиындар жайында пікір білдірді

ҚР Президенті бейбіт жиындар жайында пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына берген эксклюзивті сұхбатында қоғам талқылауына түскен бейбіт жиындар өткізу тәртібі туралы заң жобасына пікір білдірді.
«Жолдауымда айтқанымдай, бейбіт жиындар өткізу азаматтарымыздың Конституциямен кепілдік берілген құқығы және жергілікті билік бөлген, бұған қоса қаладан тысқары емес жерлерде өткізе алады. Конституциялық құрылымды бұзуға бағытталған кез келген ұмтылыс, сонымен қатар экстремистік зорлық-зомбылық көріністері заңнамаға сәйкес тоқтатылатын болады. Бұл еліміздің азаматтарының басым бөлігінің мүддесі үшін жасалады. Бұған қоса, бейбіт жиындарды өткізудің тек хабарландыру тәртібін енгізу түбегейлі маңызды деп санаймын», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, ұйымдастырушылар билікке жиынға қатысушылардың жоспарланып отырған санын хабарлауы тиіс. Бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барынша маңызды.
«Сол арқылы ұйымдастырушылар да, жергілікті билік те қоғамдық тәртіпті сақтауға екіжақты жауапты болады. Дегемен, үкіметтік заң жобасындағы бейбіт жиындарға қатысушылардың санын 250 адам деп шектеу енгізу жөнсіз деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

kyzylorda-news.kz
01 наурыз 2020 ж. 357 0