Тоқаев Қазақстанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациядан кейін алғаш рет қазақстандықтарға жолдау жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы биылғы жылы Қазақстанды дүрліктірген мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, бейбіт митингілерді өткізуге рұқсат берді.
"Егер бейбіт акциялар заңды бұзуды, азаматтардың тыныштығына кедергі келтіруді көздемесе, түсіністік танытып, оларды өткізуге рұқсат беру керек. Қала сыртында емес, арнайы жерлерде өткізе алатындай аймақ болуы қажет. Конституцияға қайшы кез келген іс әрекеттерге шақыртулар, бұзақылық акциялар заңға сәйкес тоқтатылады", — деді мемлекет басшысы.