Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Полицияның бет-бейнесі өзгереді": Тоқаев ІІМ-ді реформалауға 173 млрд бөлінетінін айтты

"Полицияның бет-бейнесі өзгереді": Тоқаев ІІМ-ді реформалауға 173 млрд бөлінетінін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Ішкі істер министрлігі реформаға ұшырайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ең өзекті міндеттердің бірі құқық қорғау жүйесін толық реформалау саналады. Полицияның бет-бейнесі өзгереді. Бірінші кезеңде 2020 жылдың соңына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру қажет. Мұны сапалы түрде жүзеге асыру қажет. Ішкі істер министрлігін реформалауға алдағы үш жылда 173 миллиард теңге бағытталады. Бұл қаржы жалақыны өсіруге жұмсалады», - деді Тоқаев.

Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойлар барысында ысырапқа жол бермеу керек деді. Сондай-ақ, президент өзінің жолдауында митинг және наразылық акцияларын өткізетіндерге қатысты пікір білдірді.
02 қыркүйек 2019 ж. 913 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930