Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті

ÒаÑÑм-ÐомаÑÑ Ð¢Ð¾Òаев ÒÑÑÒÑзÑÑан пÑезиденÑÑ Ð¡Ð¾Ð¾Ñонбай ÐÑÑнбековпен кездеÑÑÑ
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Республикасының президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтып, жылы қабылдағанына ризашылығын білдірді.

– Ұлықтау рәсімінен кейін Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру, – деді Қазақстан президенті.

Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, бұдан әрі де екі елдің қарым-қатынастарының нығая түсетініне сенім білдірді.

Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/321789-asym-zhomart-to-aev-yr-yz-respublikasyny-prezidenti-sooronbaj-zheenbekovpen-kezdesti
13 маусым 2019 ж. 1 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930