Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана» футбол клубы «Бiз Бiргемiз» челленджін қолдады

«Астана» футбол клубы «Бiз Бiргемiз» челленджін қолдады

«Астана-Жас» командасының футболшылары елордада қар күреп, «Бiз Бiргемiз» челленджін қолдады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда жастары әлеуметтік желідегі идеяны қолдап, қар тазалау бойынша челлендж бастап кеткен еді.
Қала тұрғындары бастаманы өз қолдарына алып, аулалардың бір бөлігін қардан тазалап, оны бейнетаспаға түсіріп, #Бізбіргеміз хештегі арқылы желіге салуды ұсынады.

«Астана» футбол клубы Президенттік Кәсіби спорт клубымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы Еріктілер жылына арналған челленджге қолдау көрсетті.
Бірінші Лигада өнер көрсететін «Астана-Жас» командасының футболшылары клуб басшылығымен бірге бұрынғы Тельман кентінің аумағында тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазалап қайтты.
«Астана» футбол клубы «Бiз Бiргемiз» челенджін танымал әзілкеш, тележүргізуші, әрі клуб жанкүйері Тұрсынбек Қабатовтан қабыл алып, бұл бастаманы әрі қарай Қазақстан футбол федерациясына, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына, сондай–ақ «Олд Бойз» және «12 ойыншы» жанкүйерлерінің бірлестіктеріне жолдайды.
27 қаңтар 2020 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031