Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтарға неге тұсау жоқ?

Алаяқтарға неге тұсау жоқ?

Қазіргі таңда әлеуметтік желі арқылы алаяқтықпен пайда көріп жүргендер және алданғандар саны күрт көбейіп келеді. Олар «түрлі ақшалай сыйлықтар, жұрт естімеген жеңілдіктер болып жатыр», деген желеумен халықты алдап, есепшоттағы ақшаларын жымқырып кетеді.

Жалпы интернет жеңіл ақша табудың көзіне айналып тұр. Әрине, интернет арқылы ақша табу үшін көп тер төгіп жұмыс істеу қажет. Ең бастысы, білім мен кәсіби біліктілік керек. Ал білім мен біліктіліктің еш қажеті жоқ, «жай ғана ақша саласыз, содан соң байып шыға келесіз» дейтіндердің көпшілігі «100 пайыз алаяқтар». Ондайлардан жүз шақырым аулақ жүргеніңіз дұрыс. Әйтпесе, оп-оңай ақшаңыздан айырылып, сан соғып қаласыз.
Сөзімізге «Тегін ірімшік қақпанда ғана болады» ­деген орыстың осы мақалы бірден-бір дәлел. Таңғаларлығы сол, әлеуметтік желідегі алаяқтар өте шебер және түрлі әдістерді ойлап табады. Бір қарағанда олардың сөзінен өтірік таппайсыз. Бәрін мөлдіретіп айтқандарына еріксіз сендіреді. Істің мәнін білетін тәжірибелі адам болмаса, оп-оңай алданып қалуы әбден мүмкін.

Алаяқтар «құрбандарын» қалай таңдайды?
Алаяқтар өздерін сайттарда сатушы немесе сатып алушы ретінде тіркеп, адамдардың банк картасының реквизиттерін біліп алып, шотты бос қалдырады. Қалай? Мысалы, сіз көлігіңізді сатпақ болып, сайтқа хабарландыру қалдырасыз. Сізге шетелдік байланыс нөмірінен бір «клиент» хабарласуы мүмкін. Сіз онымен саудаласасыз. Ол көлікті сатып алғысы келетінін, бірақ басқа қалада жүргендіктен төлемді сіздің картаңызға жіберуге, ал автомобильді кейін алып кетуге дайын екендігін айтады. Сондықтан алдын ала төлемді аудару үшін банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Сіз ойланбастан банк реквизиттерін танымайтын адамға бере салуыңыз мүмкін. Сол кезде абоненттік нөміріңізге интернет банкингтегі жеке кабинетіне ену коды бар СМС-хабарлама келеді. Алаяқ сізге хабарласып, ақшаны аударғанын айтып, бірақ оны шешіп алуды мүмкін ету үшін сіздің телефоныңызға келген хабарламаны маған жіберіңіз дейді. Сіз жібересіз. Ал бұл дегеніміз сіз өзіңіздің картаңыз жайлы бар мағлұматты беріп қойдыңыз дегенді білдіреді. Міне, қызық! Осылайша ол сіздің банк картаңыздың құпия кодын оңай біліп, тақырға отырғызып кетеді, немесе банк қызметкерінің атын жамылып, карточкаңызға қатысты мәліметтерді сұрауы әбден мүмкін.

Әлеуметтік желіде абай болайық
Белгілі интернет-сайттардағы сауда алаңдарын пайдалану арқылы алаяқтық қылмыстық фактілері жиі кездеседі. Атап айтқанда kolesa.kz, adi.kz, olx.kz, dogovor24.kz және тағы басқалары. Алаяқтар Facebook, ВКонтакте, Mail.ru, Однакласник, сондай-ақ WhatsApp, Telegram, Instagram әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы әртүрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға жарнама орналастырады. Бұл жағдайда сандық көрсетілімі бар белгілі бір өнімді сатқанда алаяқтар алдын ала Qiwi әмиянға түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап етеді. Кейіннен шот иелері тексерген кезде олардың өзге адамдардың атынан тіркелгені белгілі болады. Алдын ала төлемін алған алаяқтар тақырға отырғызып, сізбен әп-сәтте байланысын үзеді.
Міне, осындай алаяқтардан аулақ болғанымыз абзалырақ. Сақ болайық, оңай олжаға жүгірмей, адал жұмыс істеп, несібемізді табан ақы, маңдай термен ­табуды ойлайық.

Саламат ӘБДРАХМАНОВ


21 қаңтар 2020 ж. 960 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 41

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031