Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Джинс шалбарына "бесінші қалта" не үшін қажет?

Джинс шалбарына "бесінші қалта" не үшін қажет?

Көбіне джинс шалбарларында 5 қалта болады: екі алдыңғы, екі артқы және бір қосымша ішкі қалта. Егер бастапқы үлкен төрт қалтаның не үшін керегі түсінікті болса, бесінші кішкентай қалтаның дәл не үшін арналып жасалғанын бәрі біле бермейді.

Джинс шалбарындағы "бесінші" деп аталатын кішкентай қалта негізінде бесінші емес. Джинс шалбарлары 1873 жылы АҚШ-та пайда болды. Алғашқы джинс шалбарларында (Levi's 501) 4 қалта болған: бір артқы, екі алдыңғы және бір кішкентай ішкі қалта. Джинс шалбарын еврей сатушысы Лейб Штраусс шығарған. Ол АҚШ сауда таңбалары мен патенттер бюросына барып, өз өнімін "пышақ, ақша және тиын салатын қалталары бар, аспа баусыз жұмыс комбинезоны" деген атпен патенттейді. Ал негізгі бесінші қалта – ол артқы екінші қалта. Ол 1901 жылы ғана пайда болды.

Алайда, ішкі қалтаға оралайық. "Levi's" каталогында оның "watch pocket" деген нақты атауы бар. Яғни, оны ойлап табушы бұл қалтаға осындай атау берген. Негізі кішкентай қалта америкалық жұмысшылар өздерімен бірге сағат салып жүру үшін жасалған. Ол кезде кішкентай дөңгелек сағаттар шынжырға ілініп тұратын. "Watch pocket" іс жүзінде тек сағат салу үшін қолданылған жоқ. Оған ақша, тиын, тіпті, жұмыс кезінде шеге салып алатын болған. Адамдар бұл кішкентай қалтадан ұсақ заттардың түсіп қалмайтынына сенімді жүретін.

20 қаңтар 2020 ж. 1 515 0