Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалта телефон нөмірі төлқұжат орнына қолданылуы мүмкін

Қалта телефон нөмірі төлқұжат орнына қолданылуы мүмкін


Ресей Федерациясында қалта телефонының нөмірін жеке бас куәлігінің сериясы, т.б. ретінде пайдалану туралы ұсыныс айтылып жатыр. Экономикадан бастап, қызмет көрсету саласына дейін барлығын цифрландыру дәуірінде бұл ұсыныс қабылданып кетуі де ғажап емес. Осылайша қалта телефоныңыздың нөмірі жеке басыңызды куәландыратын құжатқа айналуы әбден мүмкін. Яғни, сим-картаңыз әмбебап сәйкестендіру (универсальный идентификация) құралына неге айналмасқа? Мұның өз артықшылықтары бар: алыстан қаржылық немесе сату, сатып алу, т.б. бойынша мәмілеге келу, келісім-шарт бекіту, т.б, уақыт жұмсап, жол жүріп, кездесіп, т.б. басы артық әуреден құтыласыз. Сондай-ақ аяқ астынан асығуды қажет ететін, уақыт күттірмейтін тіркелу, т.б. жағдайларда көмегі көп, я болмаса төлқұжатыңызды үйіңізде ұмытып кететін, соның кесірінен орын алатын келеңсіздіктердің де алдын алуға болады. Қағазбастылықтан арылуға көмектесетін бұл жаңашылдықтың тағы бір артықшылығы қағаз төлқұжатыңызды алып жүрмей-ақ, саяхаттауға, т.б. болады. Алайда, таяқтың екі ұшы болатыны секілді мұның да кем-кетік тұстарын сарапқа салып барып қана, шешім қабылдау керек: мысалы, жеке басыңыздың мәліметтеріне қатысты қауіпсіздікты қаншалықты қамтамасыз ете алады? 
http://islam.kz
01 шілде 2018 ж. 985 0