Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Полицейлер қалта ұрыларынан сақтану үшін тұрғындарға бірнеше кеңесін айтты

Полицейлер қалта ұрыларынан сақтану үшін тұрғындарға бірнеше кеңесін айтты


Астана қаласы ІІД криминалды полиция басқармасынң басшысы Дамир Копаштың айтуынша, қалта ұрлықтары сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерде болады. Қоғамдық тамақтанатын орындарда да жиі болады.Қоғамдық көліктерде ұрлау фактілері, әсіресе, кептеліс кезінде жиі болып жатады. ІІД тұрғындарды сақ болуға шақыра отырып, кеңесін айтты. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Көпшіліктің көзінше әмияннан ақша санамаңыздар. Супермаркеттерде корзина ішіне жеке заттарыңызды салмаңыздар. Әмиянды ішкі не төс қалтаға салыңыздар. Сізге жақындай беретін адамдардан сақтаныңыз. Қоғамдық орында тамақтанып отырып, ақша мен жеке заттарыңызды қалдырмаңыздар. Тіпті ілулі тұрған киімнің қалтасына салмаңыздар. Ұрылар өз киімін ілгендей болып, өзгенің затын алып кетеді», – дейді полицейлер. Полицейлер затын ұрлатқан тұрғындардан дереу полиция хабарласуын сұрайды.
Stan.kz
18 маусым 2018 ж. 1 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930