Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Биыл жарыққа шығатын үздік 10 ойын

Биыл жарыққа шығатын үздік 10 ойын

2019 жыл ойын әлемі үшін ерекше өтті. Metro: Exodus, Anthem, Apex Legends, Far Cry New Dawn, Call of Duty: Modern Warfare, Death Standing секілді түрлі ойындар жанкүйерлеріне жол тартты. Ал биыл біздің қандай ойындар күтіп тұр? 2020 жылы ішіңіз пыспау үшін ең қызықты 10 ойынның тізімін жасадық.

Skull & Bones Ubisoft компаниясының теңіз қарақшылары туралы жаңа ойын. Капитан (ойыншы) бастаған кеме ашық теңізге бет алып, олжа үшін шайқасады. Ойында кемені дамытып, экипаж мүшелерінің қабілетін арттыруға болады.

Halo Infinite Halo атты әлем 26-ғасырда өтіп жатыр. Infinite ойындар сериясының жанкүйерлері үшін Halo Infinite жылдың басты ойыны болмақ. Әзірге жаңа серия туралы мағлұмат азды-кем бар. Бір нақтысы ойын 2020 жылдың соңында қалың көпшілікке жол тартады.

Dying Lignt 2 Зомби ақырзаманы туралы ойындар әркез қызықты әрі тартымды болған. Dying Lignt екінші ойыны 2020 жылдың наурыз айында жарыққа шығады. Жаңа бөлімде ойыншылар сценарий бойынша берілетін сұрақтарға жауап бере отырып, геймплей мен сюжетке әсер ете алады.

Beyond good &Evil 2 Бұл ойын 2003 жылы шыққан Beyond good & Evil алғашқы бөлімінің алдындағы оқиғаны баяндайды. 17 жылдан кейінгі жалғасында ойыншылар түрлі бағдарламаларды жасақтап, ғарышты бағындыруға тырысатын болады.

Marvel’s Avengers Марвел комикстерінің жанкүйерлері ойынды ұзақ уақыттан бері асыға күтіп жүр. Бірнеше жыл бойы тек уәде берумен шектелген Marvel тек өткен жылы ойын жасауды қолға алды. Ал биыл Marvel’s Avengers атты ойын жарыққа шығады.

Watch Dogs Legion Watch Dogs Ubisoft ойынының жаңа бөлімінде әр түрлі кейіпкерлерді таңдау құқығы берілген. Кейбір миссияларда арнайы кейіпкерлерді таңдап, ойнауға болады. Ойын 2020 жылдың 6 наурызында шығады деп жоспарланып отыр.

Twin Mirror Бас кейіпкер Сэм жақын досының жерлеуіне қатысу үшін туған қаласына оралады. Алайда ол қан жоса күйде оянады. Өткен түнде не болғаны, неге мұндай күйде екені есінде жоқ. Психологиялық триллер жанрында жасалған ойын көңіліңізден шығатыны сөзсіз.

12 Minutes Ерекше стильде жасалған ойын. Бас кейіпкер өзінің аяғы ауыр әйелімен бөлмесінде отырғанда полиция қызметкері келеді. Ол әйелді әкесін өлтірді деп айыптап, қару қолданады. Сізге әйеліңіздің өмірін сақтап қалу үшін 12 минут беріледі. Дұрыс шешімді таппайынша уақыт артқа оралып, сізге жаңадан 12 минут береді.

The Last Of Us Part 2 The Last of Us Part 2 бірінші бөлімнің жалғасы. Оқиға бірнеше жылдан кейін болады. Жаңа бөлімде жасанды сана қауіпті бола түскен.

Cyberpunk 2077 Жылдың басты ойыны. Жанкүйерлер бұл ойынды ұзақ уақыттан бері күтті. "Ведьмакты" жасап шығарған CD Projekt Red студиясының жаңа ойыны сапалы әрі қызықты болары сөзсіз. Сіз ашкөздік пен қылмыс билеген ашық әлемде тірі қалуыңыз шарт. Бас кейіпкердің рөлін - әйгілі актер Киану Ривз сомдаған.

massaget.kz
20 қаңтар 2020 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (8803)

04 шілде 2020 ж.

№49 (8802)

30 маусым 2020 ж.

№48 (8801)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам