Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "Челси" Еуропа лигасы рекордын жаңартты

"Челси" Еуропа лигасы рекордын жаңартты


Лондонның "Челси" футбол клубы Еуропа лигасы рекордын жаңартты. "Ақсүйектер" бұл турнирде 16 ойын қатарынан ұтылмай келеді. Ағылшындық клуб түнде өткен жартылай финалдағы бірінші ойында Франкфурттың "Айнтрахт" клубымен кездесті. Сырт алаңдағы ойында 1:1 есебімен тең түсіп, жеңілмей келе жатқан ойындар санын арттырды. Арттырып қана қоймай, Еуропа лигасы рекордын жаңартты. Осыған дейін бұл рекорд Мадридтің "Атлетико" командасына тиесілі болып келген еді. Испандық ұжым 2011/2012 жылғы маусымда 15 ойын қатарынан ұтылмаған. Түнде өткен 1/2 финалдағы екінші ойында "Арсенал" (Англия) "Валенсияны" (Испания) 3:1 есебімен ұтты. Командалар арасындағы қарымта ойындар 10 мамыр күні өтеді. 

/massaget.kz/
03 мамыр 2019 ж. 826 0