Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауалнама неге сапасыз толтырылады?

Сауалнама неге сапасыз толтырылады?

Бүгінде ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз ету үшін сауалнама жүргізілетіні баршаға мәлім. Бұл әсіресе, зерттеушілер мен психологтарға таптырмас әдіс. Міне, осындай әдіспен биылғы жылдың тамыз айынан бастап кәсіпкерлік және үй шаруашылығы бағытында әрбір ауылдық округтер мен кент орталығында маркетингтік зерттеу жұмысы жүргізіліп келеді. Мұның негізгі мақсаты – өңірлерді дамыту жоспарын әзірлеу. Осы жұмыстар өңірде қалай жүзеге асып жатыр? Бұл жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы А.Төлегенов өткен аптада болған мәжілісте мәлімдеді.
– Облыс әкімінің орынбасары М.Имандосовтың төрағалығымен биылғы жылдың 18 қазанында өткізілген селекторлық мәжілісінің хаттамасымен «Маркетингтік зерттеулер» (скрининг) жүргізу жұмыстарын ағымдағы жылдың 28 қазанына дейін толық аяқтау тапсырылған болатын. Дегенмен бүгінгі күнге дейін бұл жұмыстар созылып отыр, – деді А.Төлегенов. Содан кейін толтырылған сауалнамалардың 45,3 пайызы сапасыз толтырылғанын жеткізді. Бұл облыс бойынша ең төменгі көрсеткішке тақаған екен. Одан қалды үй шаруашылығы барысында да сапасыз толтырылған сауалнамалар жеткілікті көрінеді. Бұл туралы А.Төлегенов «Бұл өз кезегінде аталған ауылдық округтер мен кент әкімдерінің жұмыстарды дұрыс үйлестірмегендігін және жауапкершіліктің төмендігін көрсетеді» деп қынжылысын білдірді. Сонымен бірге ол сауалнаманың сапасыз толтырылу себебіне тоқталды. Бөлім басшысының ¬айтуынша, көпшілігі қағазда жазылған сансыз сауалды оқуға ерінетін көрінеді. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі де өз ойын білдіріп, жиынға қатысушыларға әр әріпті мән беріп оқуға шақырды. 
Маржан Болатқызы 
19 қараша 2019 ж. 2 742 0