Жерлестеріміз жыр жарысына қатысуда
Бүгін Қызылорда қаласында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының облыстық кезеңі өтуде. Оны «Qazaq Epos» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Жыр жарысына аудандық кезеңде 300-ден аса шәкірт қатысқан. Соның ішінде №270 мектептің оқушысы Абылайхан¬ Қарынбаев (І орын), жетекшісі Несібелі Омарова,¬ №47 мектеп-лицейдің шәкірті Аружан¬ Бағдатқызы (ІІ орын), жетекшісі Райхан Қалыбаева және №46 мектеп-лицейдің білім алушысы Бейбіт Әмірбай (ІІІ орын), жетекшісі Айзат Динбаева.¬облыстық кезеңде бақ сынауда. Қатысушыларға қазақ ұлттық өнер университеінің профессоры, жырау Алмасбек Алматов, облыстық білім басқармасының «Дарын» облыстық КМҚК директоры Қарлығаш Ақышева, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы Серікбай Қосанов,Қорқыт ата атындағы ҚМУ дәстүрлі өнер институтының директоры Ғани Байұлов, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі директорының орынбасары Гүлзира Бахадүрова қазылық етеді. Байқаудың облыстық кезеңіне 27 мектеп қатысуда.
Облыстық кезеңде бірінші орын алған оқушыға 1 000 000 теңге, ұстазына 2 000 000 теңге табысталады. Екінші орынға табан тіреген қатысушы 600 000 теңгені, жетекшісі 1 200 000 теңгені қанжығасына байлайды. Ал үшінші орынның мінберінен көрінген білім алушы 300 000 теңгемен, мұғалімі 600 000 теңгемен марапатталады.
«Өскен өңір» ақпарат