Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін кімнің туған күні?

Бүгін кімнің туған күні?

ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 29 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынды.
62 жыл бұрын (1957) Қазақстанның қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері Виктор Павлович РОГАЛЕВ дүниеге келген. Ол Қарағанды облысының Саран қаласында туған. БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін (Мәскеу қ.) тарих және қоғамтану оқытушысы мамандығымен (1981); Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, аспирантураны саясаттанушы мамандығымен (1989) бітірген. Еңбек жолы: 1974 - 1977 жылдары «Қарағанды тұрғын үй құрылысы» тресінің құрылыс материалдары және конструкциялары комбинатының электр слесары болып жұмыс істеген. 1977 - 1981 жылдары БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебінің тыңдаушысы. 1981 - 1985 жылдары Қарағанды облыстық комсомол комитетінің комсомол жұмыстары кабинетінің меңгерушісі, Теміржол аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды обкомының комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі. 1985 - 1994 жылдары - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің аспиранты, оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі. 1994 - 1995 жылдары - депутат, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Мемлекеттік құрылыс және аймақтық саясат мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1995 - 1996 жылдары - «Қазақстанның Ұлттық конгресі» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, оның міндетін атқарушы. 1996 - 2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2002 - 2003 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ президентінің кеңесшісі. 2003 - 2005 жылдары - «Отан» республикалық саяси партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Саяси кеңесінің үйлестіруші хатшысы. 2005 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007 - 2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы (2012-2016). Қазақстан Республикасы Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары – ұйымдастыру, кадрлар жұмысы және активтер департаментінің директоры (2016 жылдан). «Құрмет» орденімен (2007); «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.


56 жыл бұрын (1963) Алматы қаласы еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы басқармасының басшысы Талғат Көшенұлы РАЗАҚОВ дүниеге келген. Жамбыл облысында туған. Алматы Сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығымен бітірген (1986). Еңбек жолы: Жамбыл облысы Меркі ауылындағы Жданов атындағы ұжымшардың жұмысшысы (1980-1981); Жамбыл облысы Меркі ауданының «Краснооктябрьский» ПВС технологі (1986-1987); Меркі ПМК-7 аға инженері (1987-1988); Меркі аудандық комсомол ұйымдары бөлімінде инструктор, бөлімнің меңгерушісі, аудандық комсомолдың жауапты ұйымдастырушысы (1988-1991); Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Жігер» шаруашылық есебіндегі құрылыс-жөндеу учаскесінің бас инженері (1991-1995); Алматы қалалық жер қатынастары және жерді пайдалану комитетінің Совет ауданы шаруашылық есебіндегі бөлімінің бас маманы (1995-1996); Алматы қаласы Совет ауданының Бірыңғай тапсырыс беру қызметінің бас инженері, кейіннен директоры (1996-1998); Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының экономика және нарық қатынастары бөлімінің бас маманы, коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы (1998-2002); Алматы қаласы Медеу ауданы экологиялық инспекциясының бөлім бастығы (2002-2003); «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік сатып алулар және сыртқы байланыстар басқармасы бастығының орынбасары (2003-2005); Алматы қаласы Түрксіб ауданы отын-энергетика бөлімінің бастығы, әкім орынбасары (2005-2007); Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары (2007-2013); Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі (2013-2017). Қазіргі лауазымын 2017 жылғы шілдеден бері атқарып келеді. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Кәукенқызы ШӘУКЕНОВА дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. 1987 жылы Ленинградтың А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының директоры, Қазақстан әлеуметтанушылары академиясының академигі. 1987-1997 жылдары – психолог, кадр тұрақтандыру бюросының басшысы, Қарағанды металлургия комбинатының әлеуметтік-психологиялық қызметінің жетекшісі (Теміртау қаласы). 1997-2007 жылдары – «ЦЕССИ-ҚАЗАҚСТАН» салыстырмалы әлеуметтік зерттеу институтының директоры (Астана қаласы). 2007-2010 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы; 2010-2011 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 2011-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры. 2014 – 2016 жылдары - әл-Фараби Қазақ ұлттық университеті, Ғылым және білім интеграциясы бойынша проректоры (қосымша жұмыс ретінде). 2017 жылғы ақпаннан бері қазіргі қызметінде.


42 жыл бұрын (1977) «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы Ардақ Махмұдұлы ҚАСЫМБЕК дүниеге келді. Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасын, 2001 жылы Business School of City University of London оқу орнын тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты (2007). 1998-2000 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» ААҚ құрылымдық қаржыландыру департаментінің жетекші банкирі. 2001 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ инвестицияларды басқару департаментінің менеджері. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің менеджері, бас менеджері. 2004 жылдан - салынып жатқан «АМҚЗ» ЖШС директорының қаржы жөніндегі орынбасары. 2005 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ХМК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары. 2007 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директоры. 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративік дамыту жөніндегі басқарушы директоры. 2009 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері. 2012 жылдан «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның Корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі директоры. 2013-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға вице-президенті, қаржы директоры (2016-2018).


36 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы (Ресей Федерациясы) консулы Қанат Мағатұлы ШЕКҚАЛИЕВ дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірді (2005 ж.). 2016 жылы Белосток қаласының (Польша Республикасында) Жоғары экономика мектебінде халықаралық экономика саласында магистр дәрежесін алды. Еңбек жолы: ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы (2005-2007); ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі (2007-2008); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің бас сарапшысы (2008-2011); Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің Протокол секторының меңгерушісі (2011-2012); Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісінің орынбасары (2012-2013); ҚР Премьер-министрінің көмекшісі (2013-2014); ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі (2014); ҚР Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаментінің басшысы (2014-2016); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас конультанты (2016-2017); ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің Жобалық басқару орталығының бас консультанты (2017-2018). Қазіргі лауазымына 2018 жылғы ақпанда тағайындалды. ҚР төрт мемлекеттік медалімен марапатталған.


29 қыркүйек 2019 ж. 703 0