Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

«Қазақ радиолары» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

Белгілі журналист Құрманбек Жұмағали "Қазақ радиолары" ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақ радиоларының сайтына сілтеме жасап.
Құрманбек Жұмағали  1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» Ұлттық телерадиокомпаниясының редакторлық бөлімінің штаттан тыс редакторы болып бастаған.
2004-2007 жылдары Қ. Жұмағали - «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор - жүргізушісі; 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болып қызмет етті.
2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі; 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі; 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ аймақтық дамыту Дирекциясының директоры болды.
2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры ҚҚ директоры, 2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Ал, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
Бұған дейін "Қазақ радиолары" ЖШС бас директоры қызметін Мәди Манатбек атқарған болатын.
Айта кетейік, "Қазақ радиолары" ЖШС қарасты 4 радио бар: "Қазақ радиосы", "Астана", "Шалқар" және "Классик".
16 қазан 2018 ж. 1 103 0