Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына зор мүмкіндіктер береді

Жолдау - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына зор мүмкіндіктер береді

Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат, яғни мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар жоспарлатыны белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауы нақты мәселелерді қарастырады.
Баспана алу әр адамның арман-мақсаты екені рас. Енді сол арманға өзіңіздің жинаған зейнетақы қорыңыздағы қаржыны жұмсау арқылы жете аласыз. Яғни Мемлекет басшысы арнайы зейнетақы қорындағы жинаған қаражатты әр азамат баспана алуға немесе білімге тиімді қолдануына жағдай жасауды көздейді. Бұл зейнетақы жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп отырғандай.
Бүгінде кәсібін ашып, нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да, еліміздің экономикасына зор үлесін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай ілгерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық.
Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдық берілген салалардың бірі – мәдениет саласы. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады.
Ел арасында таратылған ең көп қауесет жер сатылу мәселесі жайлы еді. Президентіміз осы сөздерге нүкте қойып, ешқандай жердің сатылмайтынын мәлімдеді.
Біз тәуелсіздік жылдардағы жеткен жетістіктердімізді жақсы білеміз және бағалаймыз. Жолдауда көптеген мәселелер қозғалды. Сол бағытта жұмыс істеу және өз үлесімізді қосу – бәріміздің міндетіміз. Ендеше жыл сайынғы Жолдаулар Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуына зор мүмкіндіктер беретініне, Еліміз жаңа белестерден көрінетініне сенім білдіреміз.

Құттықыз Ыханова,
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру
тарихы музейінің директоры
17 қыркүйек 2019 ж. 588 0