Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Медицина саласындағы маңызды мәселелер шешімін табады

Медицина саласындағы маңызды мәселелер шешімін табады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына алғаш рет жолдау жариялады. Сөз арасында халыққа берген уәдесін орындайтынын тілге тиек еткен Қ.Тоқаев ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін көтерді. Соның ішінде медициналық қызметтердің сапасын арттыру халықтың әлеуметтік көңіл күйінің маңызды компоненті болып табылатынын жеткізді. Сондықтан, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі іске қосылады. Яғни, мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайтын болады. МӘМС-ке түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталып, МӘМС жүйесінің медициналық пакеттеріне жұмсалатын болады. бұл дегеніміз, медициналық қызмет түрлерінің кететін шығындардың азаюына, қарапайым халықтың қолжетімділігі арта түсуіне сеп болмақ.    Президенттің жан-жақты, сала-саланы тереңінен қамтып, халыққа оңтайлы жағдай жасаудың жолыи мен жөнін сілтеген алғашқы Жолдауына қолдау білдіріп, аға буын ретінде іске асыруға барынша күш жігерімізді салатын боламыз.
Амангелді АБДІРАХМАНОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.     
02 қыркүйек 2019 ж. 911 0