Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МСҚ елордалық медицина ұйымдарына жыл басынан бері 48 млрд теңге төледі

МСҚ елордалық медицина ұйымдарына жыл басынан бері 48 млрд теңге төледі

ÐÐ¡Ò ÐµÐ»Ð¾ÑдалÑÒ Ð¼ÐµÐ´Ð¸Ñина ұйÑмдаÑÑна жÑл баÑÑнан беÑÑ 48 млÑд Ñеңге ÑөледÑ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұрсұлтан қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін елордалық медицина ұйымдарына 48 млрд теңге төледі. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) бөлінді.
«2019 жылдың 13 маусымдағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт жасаған қаладағы медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға 48 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 52,9 пайызын құрайды», - дейді ӘМСҚ Нұрсұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге ұсыныс берген медицина ұйымдарымен жасалған келісімшарт 90,7 млрд теңгені құрайды. Айта кетейік, биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға 93 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 58 жекеменшік клиника да бар. 2018 жылмен салыстырғанда, биыл жекеменшік клиникалар саны 9-ға артып отыр. Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері бойынша үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы – Қор бақылауында.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұрсұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321961-ms-elordaly-meditsina-jymdaryna-zhyl-basynan-beri-48-mlrd-te-ge-t-ledi
14 маусым 2019 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930