Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік мәселелер қаралды

Әлеуметтік мәселелер қаралды


Өткен аптада Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсіміндегі берген тапсырмаларының орындалуын­ аудан тұрғындарына түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

Шараға арнайы іс-сапармен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Шәріпбайқызы жетекшілік жасады. Сонымен қатар бір топ депутаттар мен мекеме басшылары қатарында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Қ.Айдарұлы, «Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Шынтасұлы, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырушылық бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Г.Жазылбекқызы, ауылшаруашылық министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы» басшысының орынбасары Ж.Берікбайқызы, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы филиалының оңтүстік өңіраралық телекоммуникациялар дирекциясының Шиелі аудандық желілік, техникалық цехы басшысының орынбасары Ж.Мәдібекұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Б.Үрістамбекқызы, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Қызылорда филиалының директоры М.Әлімханұлы, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалының қызметкері Н.Жәнібекқызы болды.
Кездесуді Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Тұрмағанбет Жағыпбаров жүргізді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 бағыттан тұратын даму бағдарламасын жария етті. Ендігі кезекте партия тарапынан үлкен жұмыстар атқарылуы тиіс. Оны іске асыру партия мүшелерінен тиісті дайындық деңгейінің болуын, білімді, халықпен жұмыс істеу дағдысы мен іскерлікті талап етеді. Келесі кезекте бастауыш партия ұйымдары қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтап және оларды партиялық жұмысқа тарту қажет, – деді ол.
Облыстық ақпараттық топ мүшелері кезек бойынша сөз алып, жиналған қауымға ұлттық құндылықтың маңыздылығы жайлы сөз етті. Жиын барысында көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға төленетін әлеуметтік төлем, кәсіпкерлікке берілетін қайтарымсыз гранттар, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысының өсуі, денсаулық сақтау саласындағы қабылданып жатқан бағдарламалар, студенттерге төленетін әлеуметтік жәрдемақы және т.б. көптеген қызмет жөнінде айтылып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 басым бағыттан тұратын бағдарламасынан туындайтын негізгі мақсатты түсіндірді. Сонымен қатар кездесу соңында Т.Жағыпбаров ел болашағы үшін еселі еңбек етіп жүрген қонақтарға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.


Фариза
КЕНЖЕШОВА

02 шілде 2019 ж. 884 0