Бұйымтайыңыз болса, «Билер кеңесіне» барыңыз
Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қарастырған реформаларының бірі қарапайым халықтың сот процесіне қолжетімділігі болатын. Өткен жылы ҚР Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов елдегі сот жүйесін дамыту бойынша жеті бағытты ұсынды. Аталған жүйені жаңашаландыру барысында жүргізілуі керек жұмыстарға ұсыныс сот төрағаларынан, адвокаттардан, заңгерлік қауымдастықтардан жиналып, «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасы жасалды. Азаматтардың заңға деген сенімін жоғалтпау мен тәуелсіз әрі қауіпсіз мемлекеттің тұрғындары екендіктерін үнемі сезіну мақсатына бағытталған жоба – сот процесін жеңілдету, сот актілерінің тілін түсінікті ету, цифрлық сот және т.б. жұмыстарды атқаруда. Саладағы өзгерістің тағы бір ерекшелігі халықты бейбіт өмір мен ынтымаққа үндейтін ауылдық, аудандық кеңесші орган «Билер кеңесі» құрылып, мәселелердің сотқа дейін қаралуы. Қара қылды қақ жарған, әділдігімен елге танылған бірқатар сот саласының майталмандарынан жиналған кеңестік топ біздің ауданда да құрылды.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Шиелі ауданы бойынша билер кеңесін құру және сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың негізгі бағыттарын түсіндіру жиыны өтті. Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жүргізген жиынға Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдарының мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, аудан, ауыл ардагерлер кеңесінің төрағалары мен медиаторлар қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Жібек Баймұратованың билер кеңесі мүшелерінің өмірбаяны мен еңбек жолын жеке таныстыруымен басталған жиын аудан әкімі мен аудандық соттың арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімімен жалғасты. Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Мөлдір Асанова мен ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов «Сот жүйесіндегі жаңашылдықтардың негізгі бағыттарын түсіндіру» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында халық мәселелері бойынша сот мекемесіне келмей-ақ арыз-шағымдарды интернет арқылы кез келген уақытта электронды түрде тіркеп, қозғалып жатқан істің жүру процесін бақылау мүмкіндігі, яғни, цифрландырудың жанжақтылығы айтылды. www.egov.kz сайтында керек қызмет түрін таңдап, қажетті бланкіні толтыру арқылы цифрлы сотқа қол жеткізуге болады. Толтырылған электронды құжат сотқа жіберілгеннен соң 20-30 минут ішінде тіркеуге алынып, істің қаралып жатқандығы немесе кері қайтарылатындығы туралы хабарлама арызданушыға жолданады. Шағым берушіге істі бақылай алуы үшін жеке логин мен құпия сөз жіберіледі. Тағы бір жаңашылдық, бейнебайланыспен басқа жақтағы адамнан куә ретінде жауап алу арқылы сот төрелігін қашықтан жүргізу мүмкіндігі. Сот процесіне қатысушылардың бірі өзге облыста немесе іссапарда, денсаулығына қатысты емдеу мекемелерінде болуына байланысты қолданылатын тәсіл 2018 жылдың тамыз айынан Қызылорда қаласының әкімшілік сотында қолданысқа енгізіліп, аудандарда жалғасын табуда. Куәлік етудің бұл түрі заңды әрі сот тарапынан толық ескеруге алынады. Жиында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдарын қарастыру аясында жасалған «Digital agent» (Цифрлы агент) мобильді қосымшасы таныстырылды. Азаматтардың өзі алған белгілі бір қызмет түрін бағалап, шағымы мен арызын қалдыра алу мүмкіндігі де LED экран арқылы көрсетілді. «Түнгі сот», «Виртуалды сот», «Судья көмекшілері» пилоттық жобалары аясындағы істер барысынан да сөз қозғалды. Сот жүйесін цифрландыру халықты шалғай ауылдардан аудан орталығына сабылудан ұзын-сонар кезектен, бума-бума қағаздан арылтатын болады.
Бұдан кейін, алқалы жиын қатысушылары «Билер кеңесінің» жұмыс барысымен танысты. Кеңеске кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сөзі мен ісі үндескен өмірлік тәжірибесі мол азаматтар мен азаматшалар мүше. Билер кеңесіне сот төрағалығында қызмет еткен Тұрмат Баймағамбет басшылық ететін болады.
«Ел арасында дау бола қалған жағдайда ушықтырмай оларды татуластыру, бітістіру, ашу, ыза, өкпені болдырмау біздің бірінші мақсатымыз. Қазақ сөзге тоқтаған халық қой. Тарих беттерін парақтар болсақ, Әйтеке, Төле, Қазбек билердің қара қылды қақ жарған әділдіктерін аңғарамыз. Өзіміздің өңірден шыққан Бименбет бабамыз да бала кезінен сөзге шешендігімен көзге түсіп Бала би атанған емес пе? Елбасының дауларды сотқа жеткізбей реттеу тапсырмасына сәйкес ата-баба жолын қайта жаңғырту барысында бейбітшілік пен ымырашылықты нысанаға ала отырып, қоғамдағы дау-дамайды басушы топ әділ шешім шығару үшін жұмыла жұмыс жасайтынына сендіргіміз келеді», – дейді доғарыстағы судья.
Назерке Мұхамедиярова.