ауыл шаруашылығы қолдаудан кенде емес
Серік Салауатұлының хабарламасынан біз
аймақтағы аграрлық салаға айтарлықтай кең-
көлемді қолдаулар көрсетіліп жатқандығын
білдік. Бүгінде ауылшаруашлығы саласы
аяғынан тік тұрды деп айтуымызға негіз бар.
Бір ғана Шиелі ауданының өзінен-ақ, біз
бұл тұжырымға түбегейлі жауап алып отыр-
мыз. Мәселен, 2017 жылы аудан 29 мың 663
гектар жерге егін еккен. Оның ішінде күріш
алқабы 13380 гектарды құраса, қамбаға
80 мың тоннаға жуық күріш өнімі құйылған.
Оқырман осы көрсеткіштен төмендегіше
ой қорытуға болады. Атап айтқанда, Шиелі
өзінің дүркіреп тұрған шағында, КСРО-ның
кезінде яғни, 1980 жылдары күріш көлемін
15 мың гектарға жеткізіп, кеңестер еліне
аты мәшһүр болғанын білеміз. 41 Еңбек Ері
шығып, аймақ өзінің «Ақмаржанымен» дабы-
сы төрткүлді шарлады. Корей, Ветьнам, Куба
елдері Қызылорданың күріш өсіру техноло-
гиясына қызығып, өздеріне тәжірибе ретінде
енгізді. Сол шет елдер, Шиелінің күріш егу
тәсіліне тәнті болып, өздеріндегі жабайы
алқапты біздің жердікіндей етіп, инженерлік
жүйеге келтіргенін білеміз. Қызылордадан
талай-талай мамандар сол шетелдерде болып,
күрішті қалай егу, суғару, жерін күтіп-баптау
тұрғысында тағылым беріп қайтқаны тарихтан
қанық болып өскен жанбыз. Жә, айтарымыз бұл
емес. Облыс әкімі орынбасарының хабарлама-
сынан біз Қызылорда аймағындағы аграрлық
саланың алға қарай қарышты дами түскенін
көреміз. Цифрлар сөйлегенде ол жердегі
көрсеткіш көңіл қуантпай тұра алмайды. Соны-
мен, өткен жылы облыстың аграрлық секторын
мемлекеттік қолдауға 9,3 млрд. теңге бөлінген.
Барлық нәрсенің қайтарымы болуы шарт.
Ал, бұл қаржы саласына келгенде салынған
ақшаның еселеп қайтуы дамудың белгісі деп
білеміз. Жөн делік. 10 млрд-қа жуық қаржы
осы салаға құйылыпты. Енді осынау қаржының
қайтарылу көлемі қандай.
Бұл жерде де көрсеткеші көңіл қуантады.
Облыстың ауылшаруашылығы өндірген өнімінің
көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға
артып, 86,1 млрд теңгені құраған.
Жоғарыда біз, Шиелінің ауылшаруашылығы
саласының бүгінгі әлеуетінен қысқаша цифрлық
көрсеткіш келтірген болатынбыз. Ал, енді жал-
пы облыстық көрсеткішке тоқталсақ. 2017
жылы Қызылорда облысы бойынша 181,1 мың
гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары
орналастырылған. Негізгі дақыл күріш егістігі
90 мың 882 гектар жерге орналастырылған.
Күріштің әр гектарынан 55,3 центнерден өнім
алынып, аймақ қамбасына 502,5 мың тонна Сыр
салысы жиналған.
Мал шаруашылығында да өсім бар. Салы-
стырмалы түрде бір шолу жасасақ. Мәселен,
2018 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішке
тоқталсақ. Шиелі ауданында бұл мерзімде
мүйізді ірі қара – 49 мың 117 бас, қой мен ешкі
– 75 мың 705, түйе – 1321, жылқы –12 мың 25,
құс-27 мың 555 басты құраған.
Қызылорда облысы бойынша көрсеткішке
келсек. Облыста бүгінгі таңда мүйізді ірі қара
– 309,6 мың, қой мен ешкі – 586,7 мың, түйе –
42,4 мың, жылқы – 120,5 мың, құс – 112,8 басты
құраған. 2016 жылмен салыстырғанда уақ мал-
дан басқасында өсім бар екен. Бір қуантарлығы
Шиелідегі құлын даусы шығып, тұралап, тоқтап
тұрған «Құлан» бағдарламасының орындалу
барысы облыста айтарлықтай алға жылжыған.
Атап айтқанда, «Құлан» бағдарламасы бойынша
облыста 500 бас жылқы сатып алу жоспарлан-
са, міндеттеме134,6 пайызға артығымен орын-
далыпты. Бұл көрсеткіш басқа аудандардың
еншісінде екендігі өкінтеді. Неге, шиелілік
кәсіпкерлер «Құлан» бағдарламасының
қызығын көруге құмбыл емес? Неге шиелілік
жігіттер желмен жарысқан тұлпарлардан
ж е р і н і п ж ү р ? А т а - б а б а м ы з д ы ң ө м і р л і к
қажеттілігін өтеуге, отанын қорғауға, шаруасын
жөндеуге, барлық жағдайын жасап, сәні мен
салтанатын арттырған, байлығы мен болмысын
танытқан жылқы малы Шиелі кәсіпкерлерінің,
ауылшаруашылығы мамандарының қажетіне
неге жарамай қалды? Жылқы басын көбейтуге
неге қызықпаймыз? Әлде далада, тебінгіде
жайылатын жануарлардың жағдайын жасап,
бабын табу қиындады ма? Ұры-қары көбейді
ме? Барымташылар басынып жатыр ма?
Құқық қорғаушылардың құзыреті мен әлеуеті
әлсіреді ме? Себеп көп. Түйін біреу. Соны тау-
ып, тиісті сала басшыларының жұмыс жасайтын
уақыты келді. Әйтпесе, бұл салдан байқалған
олқылық, басқа да салаларға әсерін тигізіп
кетуі бек мүмкін. Оның үстіне тағы бір ойлана-
тын мәселені назарға сала кетуді жөн санадық.
Ертеден қалыптасқан дала салты бойынша
амандасуды мал мен жаннан бастаған қазақ
едік. Ал бүгінде ше? Кейбір қандастарымыз
күйінгеннен болар бәлкім амандасуды «Қора-
қопсы, бау-шарбағың бүтін бе?» – деуден бас-
тап жүр. Бұл да болса, барымташылардың ба-
сынып тұрғандығын байқататын секілді. Жу-
ырда Шиелі ауданы әкімінің және жергілікті
полиция басшысының есебі берілді. Сондағы
деректерде біздің бұл түйінімізді толықтыра
түседі. Яғни, аудан әкімінің есебінде 2016 жыл-
мен салыстырғанда мал ұрлығы 2017 жылдың
көрсеткіші бойынша 24,2 пайызға өсім алған
екен. Яғни, 2016 жылы ауданда 62 мал ұрлығы
орын алса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 77 басты
бірақ құраған.
Осыдан кейін «Құлан» бағдарламасын
қолдап көріңіз. Қорадағы малды әзер қорып
отырғанда, даладағы жайылымда жүрген
үйірді қашан «үптеп» кетеді екен – деп
елеңдеп, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан кім
айырылғысы келсін. Келтіргіміз келген дерек
бұл емес. Жалпы, облыстың аграрлық саладағы
көрсеткіштерін әрмен қарай тарқатсақ.
Ауылшаруашылығы өнімдерін экспорт-
тау 2016 жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға
артқан. Ал, болашақты бағамдап, экспорттық
әлеуетті арттыру бағытындағы 2017-2020 жыл-
дар аралығында 30 млрд теңге көлеміндегі 99
жобаны жүзеге асыру басты нысанға, жұмыс
жоспарына енгізілген.
Жоғарыда мал басының көбейіп жатқанын
сөз еттік. Дәйекті сандар келтірдік. Ал, енді
осы етімен сүтін пайдаланып отырған малдың,
жалпы жануарлардың саулығын басты назарда
ұстап, керекті дәрі-дәрмектерін алу жұмыстары
қаншалықты ұйымдастырылуда. Қаражат
жеткілікті ме? Ия, жануарлардың энзоотиялық
ауруларына қарсы облыстық бюджет есебінен
760,5 мың доза ветеринариялық препараттар
сатып алынып, жоспарға сәйкес алдын ала егу
жұмыстары жүргізілген.
Су шаруашылығы тұрақты назарда. Тиісті
қаражат көздері тартылып, суармалы жерлерді
қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда облыста 159 мың гектар суарма-
лы жерлерді қалпына келтіру және пайдала-
нылмай тұрған 29 мың гектар жерді айналымға
қосу жөніндегі жалпы құны 122 млрд. теңгені
құрайтын 3 жоба еніпті. Енді осы көрсеткішке
қысқаша тоқталып, цифрларды қайтадан бір ой
елегінен өткізіп көрсек.
Облыс таяу болашақта 29 мың гектар жерді
қайта айналымға қосуды жоспарлап отыр.
Ал, Шиелі ауданының 2017 жылғы егін еккен
алқабының көлемі 29 мың гектар. Яғни, бұдан
біз, таяу жылдары Қызылорда облысында
тағы бір Шиелі ауданының егістік алқабындай
жер көлемі қайта айналымға енгізілетінін
байқаймыз.
Балық шаруашылығында да ілгерілушілік
бар. Облыста кіші Арал теңізінің 18 учаскесі
мен 203 көл есепке алынған. 203 көлдің 152-
сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге
бекітіліп берілген. 2017 жылы облыста 8 мың
740 тонна балық ауланып, республикалық
бюджетке 140 млн. теңге қаржы түсірілген.
Облыс бойынша жылдық қуаттылығы 11
мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыт-
тары жұмыс жасауда. Осы орайда, балық
шаруашылығына қатысты деректерге тоқталып,
қысқаша журналистік сараптама жүргізе
кетуді жөн санадық. Облыста жылдық қуаты
11 мың тонналық 8 зауыт жұмыс жасап тұр.
Ал, Қызылорда 2017 жылы 8 740 тонна балық
өндірген. Бұл өнім, әлгі зауыттардың әлеуетін
толық пайдалануға әлі де болса жеткіліксіз
екендігін байқатады. Яғни, бұл зауыттардың
әлеуетін толық пайдалану үшін әлі 2 мың 260
тонна балық өнімін керек етеді.
Бұл өнімді қайдан аламыз. 9 мың тоннаға
жуық өндірілген балық Шиеліден басқа
Сырдарияның төменгі аудандарына тиесілі
балық екендігі көзге көрініп тұр. Ал, Шиелі ау-
даны бұл салада неге өзін жоғары деңгейден
көрсетпеске. Ауданда 36 көл бар. Оның
24-і табиғат пайдаланушыларға ұзақ жылға
берілген. Осы 24 көлден жылына 51 тон-
на балық аулауға рұқсат беріліп, бюджет-
ке 6,6 млн. теңге көлемінде салық төленген.
Көрсеткіш көңіл қуантпайтыны айдан анық.
Қарғалының арғы жағынан «Күміскеткен» су
қоймасын салу жоспарланған. Арық-канал-
тоған, көл және басқа да су көздері жеткілікті
Шиелі ауданы үшін, жылына 51 тонна балық
өнімін өндіру дегеніміз көңіл көншітетін дерек
емес. Көрсеткішті ұлғайтуға, су көздерін тиімді
пайдалануға, балық өндірісін өркендетуге неге
жұмыс жасамасқа.
Пайдалануға берілген 24 көлдің иелері,
балық өнімін арттыру бағытында қандай
ж ұ м ы с т а р ж а с а п ж а т ы р ? К ү р і ш е г е т і н
шаруашылықтар, өздеріндегі егістік алқаптарға
дария су көздерінен келген шабақтарды қалай
қорғап, құтқаруда. Арнайы сүзгімен ұстап
қалып, көлдерге жіберіп жатыр ма? Шабақ
өсіретін «Сүйіндік» шаруа қожалығымен
келісім-шарт жасасып, өздеріндегі көлдерге
шабақ жіберіп жат қан көл иелері бар ма?
Әлде, алынған көл дер мақсатсыз, пайдала-
нусыз тұр ма? Бол ма са неге балық өнімі аз?
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы биылғы жұмыстың
басым бағытын балық шаруашылығына
бұратындығын сөз еткен болатын. Өнімді арт-
тырып, кәсіпкерлер санын көбейту жұмыстары
ұйымдастырылатындығын жеткізген-ді.
Тоғандар салып, қолдан балық өсіруді, Жөлекте
басталған осындай істі көпшілікке насихаттаған
еді. Бұл саладағы көрсеткішті құдай қаласа,
осы жылдың қорытынды есебінен білетін бо-
ламыз. Әзірге тек сәттілік тілейміз. Жалпы
ауылшаруашылығы саласындағы қол жеткізген
табыстар мен жасалып жатқан жұмыстарды
брифингте берілген ақпараттарға сәйкес
шама-шарқымызша салыстармалы түрде
назарларыңызға ұсындық. Салада қарқынды
ілгерілеушілік бар. Алдағы уақытта басқа да
салалар бойынша облыс пен аудан көрсеткішін
негізге ала отырып, тиісті дерек пен дәйектерді
оқырман қауымға тұрақты жеткізіп тұратын бо-
ламыз.
н.сӘдуАҚАсҰЛЫ.