Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттің миллионыншы тұрғыны бір жасқа толды

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны бір жасқа толды

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны бір жасқа толды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Шымкенттің мегаполис атануына септігін тигізген сәби Айсұлу Еламан бүгін бір жасқа толып отыр. Тәй-тәй баса бастаған Айсұлудың ата-анасы тұла бойы тұңғыштарының қылықтары мен ерекше қасиеттерімен бөлісті.
Миллионыншы тұрғын тағам дегенді еш талғамайды. Ал киімге келгенде, өте талғампаз. Көйлек дегенді аса жақтыра бермейді. Доп тебу десе, өзге ойыншықтарын ұмыт қалдыруға дейін бар.


Доптың соңынан қуып, алаңсыз ойнауды әдетке айналдырған. Әкесі Самат Еламанов оның себебі де жоқ емес дейді. Айсұлу енді еңбектей бастағанда ата-анасы доппен ойнатып, кейін тәй-тәй жүріп сол доптың соңынан қуамын деп қадам баса бастаған көрінеді.
Кішкентай Айсұлу анасымен бірге дүкендерде сағаттап жүруге дейін бар.Ұнаған затты алмайынша жаны тынбайды. Қазірдің өзінде айтқанын орындата білетін сәби өте балажан. Анасы Айжан Ахайбекова қызының осы бір қасиетін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта тағы да перзентті болсам деген ниетін де жасырмады.


Айсұлу Еламанның ата-анасы көпбалалы отбасы атансақ деген жоспарлары барын айтып қалды.
"Бәрі бір Алланың қолында ғой. Негізі біз кемінде бес-алты баланы дүниеге әкелсек деп ойлаймыз. Әрине, періште әумин десе деген тілегіміз бар. Айсұлуымыз болса болашақта соларға бас-көз болып, қамқорлығына алады деп ойлаймыз. Күні бүгіннің өзінде өзі сәби болғанына қарамастан кішкентай бала көрсе құшақтап, бетін шөлпілдетіп сүйіп, тіпті ойнатады. Ұйықтап жатса, қасынан айналшықтап шықпай қояды", - деді миллионыншы тұрғынның анасы.


Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 17 мамыры күні жарық дүние есігін ашқан Айсұлу Еламан Шымкенттің миллионыншы тұрғыны атанды. Оның отбасына қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен екі бөлмелі пәтер тарту етілді.
Қазіргі таңда жас отбасы сол пәтерде тұрып жатыр. Ал оған дейін Айжан Ахайбекова мен Самат Еламанов ата-аналарымен бірге тұрған.


Шымкенттің миллионыншы тұрғыны қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі медицина саласының қызметкері, ал анасы банкте еңбек етеді, бүгінде бала тәрбиесімен декреттік демалыста. Ал Айсұлу әзірге балабақшаға бармайды.
Фото: NUR.KZ


Жас ата-ана болашақта қыздарының мамандық таңдарда ерікті өзіне береміз деп отыр. Бастысы, жаны қалаған іспен айналысса болды дейді.
Айсұлудың миллионыншы тұрғын атануы ата-анасына танымалдылық әкеліпті. Көшеде көріп қалған жұрт әлі күнге дейін танып, тіпті суретке түсіп жатады екен. Болашақта сәбидің анасы әлеуметтік желіде қызының парақшасын ашпақ. Тіл-көз бар деген ол бұған дейін Айсұлудың бір жасқа келуін тағатсыздана күтіп келген.  
Фото: NUR.KZ
17 мамыр 2019 ж. 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930